2024 жылғы 1 қазаннан бастап Visa премиум картасын ұстаушылар үшін бизнес залдарға кіру шарттарына өзгерістер енгізіледі.
Бизнес залдарына кіру үшін жүктеуге қолжетімді Visa Airport Companion қосымшасын орнату керек. Қосымшаға өзіңіздің премиум картаңыздың деректерін енгізу қажет.
2024 жылғы 1 қазаннан бастап карта ұстаушылар ағымдағы Lounge Key бағдарламасын қолдана алмайды және әуежай бизнес залдарына кіру үшін физикалық Visa картасын көрсете алмайды.