logo
Қз

Оңай табыстың соңы қылмыстық іске ұласты: алаяқтар WhatsApp арқылы жасалатын схемаларға қалай тартады

Қостанайда 18 жастағы бойжеткен әлеуметтік желілердегі хабарландырулар арқылы қосымша табыс таппақшы болып, ақыр аяғында қылмыстық істің айыпталушысына айналды. Бұл интернеттегі «оңай ақшаның» табысқа емес, заң алдындағы айтарлықтай мәселеге апаратынның тағы бір дәлелі.

 

Схема қалай жұмыс істейді

 

Соңғы уақытта мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде «оңай табыс» туралы хабарландырулар жиілеп кетті. Аталған оқиғада қызға SIM-карталарды сатып алып, оларды  WhatsApp-қа тіркеп, нөмірлерді арнайы бот арқылы іске қосу ұсынылады. Әр тіркелген нөмір үшін 8 доллардан төленетіні жайлы уәде береді.

 

Іс жүзінде барлық аккаунттар қыздың атына ресімделгенімен, алаяқтар оларға бірден қол жеткізіп отырған. Кейінірек осындай нөмірдің бірін Абай облысының тұрғынына «банк қызметкері» секілді хабарласып, жарты миллион теңгеге жуық қаржысын алдап алу үшін қолданған.

 

Бұл іс немен аяқталды

 

Бірнеше апта бойы бойжеткен жиырмадан астам нөмірді тіркеу арқылы 64 мың теңгеге жуық табыс тапқан. Бірақ соңында өзін бұғаттап, ол төлемдерін ала алмаған. Осы күні бойжеткен ақшадан ғана қағылған жоқ, оның үстінен қылмыстық іс те қозғалды.

 

Полиция бұндай схемаларға «өтініш бойынша» болсын немесе сыйақы үшін қатысқанның қылмыстық жауапкершіліктен босатылмайтыныны туралы ескертеді.

 

Еуразиялық банк кеңестері:

Осындай айла-шарғының құрбаны немесе қатысушысы болмас үшін:

  • оңай табыс ұсынатын күмәнді хабарландыруларды елемеңіз;
  • аккаунттарды тіркеуге арналған деректеріңіз бен өз SIM-картаңызды үшінші тұлғаларға бермеңіз;
  • «жұмыс беруші» және ынтымақтастық талаптары туралы ақпаратты тексеріңіз;
  • егер сізге мессенджерлермен, карта немесе банк сервистерімен сыйақы үшін жұмыс істеуді ұсынған болса, онда оны әрқашан алаяқтықпен байланысты айла деп түсіну керек.

 

Еуразиялық банк өз клиенттерін мұқият болып, аккаунттар мен қаржыларын сақтау шаралары тікелей өздерінің қырағылығына байланысты екенін ұмытпауды еске салады.

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.