“Еуразиялық банк” АҚ (бұдан әрі – Банк) карточкалық операциялардың қауіпсіздік деңгейін арттыру және орын алуы мүмкін алаяқтық операцияларды болдырмау мақсатында төлем карталары бойынша операциялар жүргізуге стандартты шектеу белгілейді.
Стандартты шектеулер төлем картасын ұстаушыға белгілі бір кезеңде жүзеге асыруға рұқсат етілетін операциялардың ең жоғарғы жалпы сомасын белгілейді. Бұндай шектеулер Сіздің қаражатыңызды қорғауға арналған. Сіздің картаңызды ұрлап, Сіз бұл туралы Банкке хабарлағанға дейін пайдаланылған жағдайда, ең нашар жайтта Сіз күнделікті шектеулі сомадан артық қаражат жоғалтпайсыз.
Негізгі картаның ұстаушысы (карточкалық шоттың иесі) өз картасы (қосымша карталар) бойынша стандартты шектеулерді өзгертуге (азайтуға, көбейтуге, болдырмауға) құқылы. Стандартты шектеулерді өзгерту келесі тәсілдермен жүзеге асырылады: