logo
Қз

«ТӘУЕЛСІЗДІК ӨНЕРІ» арт-жобасының жеңімпазы анықталды

30 қыркүйек 2011 жыл, Алматы — Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Тәуелсіздік өнері» қайырымдылық арт-жобасының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті.

 

Ақтау қаласынан «Aktau City» суретінің авторы Аида Тлепова жобаның жеңімпазы және 5 мың доллар – Гран-придің иегері атанды. Сонымен қатар өңірлік кезеңдердің 18 жеңімпазы 2 мың доллар мөлшерінде ақшалай сыйлықтарға ие болды.

 

Салтанатты кешке Еуразиялық банктің шақырылған клиенттері, серіктестері, шығармашылық саласының зиялы өкілдері, сондай-ақ еліміздің жетекші қоғамдық-саяси және іскерлік бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері қатысты.

 

Кеш қонақтары конкурстың үздік суреттерімен танысу, арт-жобаның ұйымдастырушылары мен жеңімпаздарымен сұхбаттасу мүмкіндігіне ие болды.

 

Альтернативтік сахнада танымал Мәскеуден келген Pompeya квартетінің өнер көрсетуі тамаша тосын сый болды. Pompeya – есте қаларлық гитара партияларынан тұратын би поп-рогі мен стильді new wave-вокал үйлесімін тапқан атауы да ерекше топ.

 

2011 жылғы шілде айында «Тәуелсіздік өнері» арт-жобасының өмірге келуіне «Еуразиялық банк» АҚ бастамашы болғаны мәлім.

 

Жобаның басты мақсаты еліміздің суретшілері арасында туған қаламызға деген сүйіспеншілігімізді, Отанымыздың табиғатын, оның кешегісі мен бүгінгісін, сондай-ақ қазақстандықтардың өмірін, олардың ерліктері мен күнделікті тұрмыс-тіршіліктерін бейнелейтін үздік суретке конкурс өткізу болды. Республикалық конкурсқа Қазақстанның барлық өңірлерінен 315 суретші мен 650 сурет қатысты.

 

Жоба өңірлік және республикалық екі кезеңнен тұрған болатын. Алдын ала өңірлік кезеңде еліміздің 18 ірі қаласынан жеңімпаз жұмыстар іріктеліп алынып, олардың қатарынан жобаның гран-при иегері анықталды.

 

Жеңімпаз суретті таңдау үшін өңірлік кезеңде әр қалада жеңіске үміткер 15 жұмыс іріктеліп алынды, бесеуі – ғаламтор арқылы дауыс беру жолымен, бесеуі – Еуразиялық Банктің жұмыс тобының шешімімен және бесеуі – Еуразиялық Банк филиалының директоры мен суретшілер қауымдастықтарының өкілдері мен қала әкімдігінен тұратын қаланың іріктеу комиссиясының шешімімен.

 

Іріктеу салтанаты барысында әр қалада «Тәуелсіздік өнері» арт-жобасы өңірлік кезеңінің үздік жұмысы анықталды.

 

Гран-при иегері Алматы қаласында 2011 жылғы 30 қыркүйекте Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында өткен салтанатты кеш барысында белгілі болды.

 

«Біздің жобамыз Қазақстанда әлеуметтік саланы қолдауға және дамытуға бағытталған. Біздің бастамамыз танымал, еңбектері сіңген суретшілермен қатар, осы өнерге жаңа қадам басқан суретшілер тарапынан да кең қолдау тапқанына ризамыз, – дейді «Еуразиялық банк» АҚ басқарма төрағасы Майкл Эгглтон. Таңдау оңай болған жоқ, себебі конкурсқа көптеген нағыз дарынды туындылар қатысты. Дегенмен, лайықты туынды жеңімпаз атанды».

 

Арт-жобаның жалпы гранттық қоры 45 мың долларды құрағанын естеріңізге саламыз. Сонымен қатар, Еуразиялық Банк жобаның өңірлік кезеңдерінің жеңімпаздары мен гран-при иегеріне VISA Gold төлем карточкаларын ұсынды.

 

Сондай-ақ үздік суреттер Алматы қаласындағы Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында орын алады және Еуразиялық Банктің жаңа шығарылымдағы VISA пластикалық карталарында орналастырылады. Ол дегеніміз, тек қазақстандықтар ғана емес, сондай-ақ әлемнің көптеген елдерінің тұрғындары да қазақстандық суретшілердің жұмыстарына лайықты баға бере алады деген сөз.

 

«Тәуелсіздік өнері» арт-жобасын қорытындылай келе, Қазақстан Суретшілер одағының төрағасы Байтұрсын Өмірбеков: «Еуразиялық банктің бастамасы біздің суретшілеріміздің арасында тамаша қолдау тауып, бейнелеу өнерінің өркендеуіне жаңа серпін берді. Қазақстан Республикасының 20 жылдығына арналған арт-жоба еліміздің мәдени өмірінде лайықты орын алды»,- деп атады.

 

«Тәуелсіздік өнері» конкурсының барлық жеңімпаздарының тізімі:

  • Ақтау, Аида Тлепова, “Aktau City”
  • Ақсу, Жанна Наурузова, «Двое»
  • Ақтөбе, Әділғали Баяндин, «Қыз-Жібек»
  • Алматы, Шолпан Заманбекова, «Жаркент будущего»
  • Астана, Каллиола Ахметжан, «Новогодняя Астана»
  • Атырау, Отарбай Кендир, «Шаңырақ»
  • Қарағанды, Айбек Бегалин, «”Зима в Караганде»
  • Қостанай, Анара Сейтжан, “Eurasia”
  • Павлодар, Зура Асылғазина, «Дождливый вечер»
  • Петропавл, Дмитрий Денисов, «Музыка времен»
  • Рудный, Сергей Глазырин, «Рыжий город»
  • Талдықорған, Ержан Бабажанов, «Сердце Жетысу»
  • Тараз, Рахат Сапаралиева, «Тамға»
  • Орал, Данияр Кдыров, «Проспект Достык»
  • Өскемен, Құдаш Нұрсадыков, «Мой город»
  • Шымкент, Равиль Абдулов, «Город Сакральный знак»
  • Екібастұз, Рустем Каматаев, «Баянаульские горы в г. Экибастузе»
  • Семей, Талғат Татиев, «Кұрақ»

 

«Еуразиялық банк» АҚ Баспасөз қызметі
тел. +7 (727) 259 79 00 (3288)

Inna.Dubrovina@eubank.kz
www.art.eubank.kz

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.