logo
Қз

Мемлекетпен 42 500 теңге мөлшерінде берілетін әлеуметтік төлемақылар бойынша сұрақтарға жауаптар

Құрметті Еуразиялық банк клиенттері!

 

Президенттің жарлығы бойынша ТЖ режиміне байланысты елімізде 42 500 теңге мөлшерінде әлеуметтік төлемақысын алуға ақысыз демалысқа жіберілген және өзін-өзі жұмыспен қамтыған ай сайынғы табысынан айырылған қазақстандықтар үміткер бола алады.

 

Еуразиялық банкте әлеуметтік төлемақыны бөлімшеге келмей алуға болады – ең маңыздысы коронавирусқа байланысты төтенше жағдай кезінде толығымен қашықтықтан екені.  Бар керегі: IBAN білу және 42500.enbek.kz сайтында өтінішті толтыру.

 

Еуразиялық банктегі өз IBAN-ды білесіз бе? Әлеуметтік төлемақыны алуға өтінішке өтіңіз.

Еуразиялық банктегі IBAN-ды білмейсіз бе? Толығырақ ақпаратты төменнен оқыңыз.

Еуразиялық банктің картасы жоқ па? Тапсырыс беріңіз!

Төлемақыға өтінішті ресімдеу үшін 42500.enbek.kz сайтына өтіңіз және өтінімді толтырыңыз.

IBAN — бұл шоттың нөмірі. Өз IBAN-ды екі әдіспен білуге болады:

а) Smartbank қосымшасын, содан кейін “Аударымдар” бөлімін ашыңыз, сіздің картаңыздың атауының немесе шоттың астында сіз KZ-тен басталатын 20-мәнді шот нөмірін көресіз – IBAN дегеніміз осы;

б) бөлімшеде менеджерден.

eubank.kz-те картаға тапсырыс беріңіз:

а) eubank.kz-ке кіріңіз және басты бетте баннерлердің астында “Картаны таңдаңызды” басыңыз;

б) Mastercard Gold немесе Visa Gold картасын таңдаңыз және “Картаға тапсырыс беруді” басыңыз;

в) ЖСН-ді және ұялы телефонның нөмірін теріңіз;

г) ашылма тізімнен қалаңызды таңдаңыз.

Егер сіздің қалаңыз тізімде жоқ болса, банктің бөлімшесіне жолығыңыз. Банк сізге картаны тегін жеткізеді. Сіз картаны шығаруға өтінімді бергеннен кейін 3 күн ішінде банк сізге 20 таңбадан тұратын карточкалық шотты SMS арқылы жібереді.  Назар аударыңыз! ТЖ режиміне байланысты картаны жеткізу мерзімі ұзаруы мүмкін. Түсіністікпен қарауыңызды сұраймыз.

Ия, бола аласыз. Ол үшін “Өтінімде көрсету керек” тармағындағы нұсқаулықтарды орындаңыз. Назар аударыңыз! Тыйым салынған немесе үшінші тұлғалардың талаптары қойылған шоттар, сондай-ақ алименттерді алу үшін шоттар және тұрғын төлемақылар үшін шоттар оған кірмейді.

Карта керек емес, әлеуметтік төлемақыны ағымдағы немесе карточкалық шотқа алуға болады. Алименттерді алу үшін шоттар және тұрғын төлемақылар үшін шоттар оған кірмейді.

Ия, сіз қаражатты сол шотқа ала аласыз. Алименттерді алу үшін шоттар және тұрғын төлемақылар үшін шоттар оған кірмейді.

Өкінішке орай, кредиттік картаға есептеулер жасалмайды, дебеттік картаны алу қажет.

 

Ия, сізге картаны ашып береді. Ол үшін сайттан өтінімі беріңіз – “Менде карта жоқ болса, не істеуім керек” тармағындағы нұсқаулықтарды пайдаланыңыз.

Егер Smartbank қосымшасын пайдаланып жүрсеңіз немесе SMS-банкинг қызметін іске қосыңыз, сіз SMS немесе push-хабарландыруды аласыз. Тәулік бойы шотты тексеру, төлемдерді және аударымдарды жасау үшін Smartbank қосымшасын орнатуға кеңес береміз.

 

Төлемақылардың тәртібі мен мерзімі Мемлекеттік Әлеуметтік Сақтандыру Қорымен реттеледі. Бұл сұрақты қорға қойған жөн.

 

Егер сізде Еуразиялық банктің картасы бар болса, бөлімшеге барудың қажеті жоқ. Картаның көмегімен сіз әлеуметтік төлемақыны Еуразиялық банктің кез келген банкоматынан ала аласыз. Егер сізде карта жоқ болса, оған “Менде карта жоқ болса, не істеуім керек” тармағындағы нұсқаулықтар бойынша тапсырыс беріңіз. Егер сіздің қалаңыз карталарды жеткізу қалаларының тізімінде жоқ болса, бөлімшеге жолыққан жөн.

Картадан әлеуметтік төлемақыны, зейнетақыны және жалақыны қолма-қол ақшамен алу Еуразиялық банктің кез келген банкоматында комиссиясыз қолжетімді.

 

Бөлімшелердің жұмыс тәртібі eubank.kz-те “Бөлімшелер мен терминалдар” бөлімінде жарияланған. Назар аударыңыз! ТЖ жағдайында жұмыс тәртібі жиі өзгеріп тұрады, банкке барар алдында жұмыс тәртібін аталған бөлімнен нақтылап отыруыңызды сұраймыз.

 

Бұл сұраққа жауапты Мемлекеттік Әлеуметтік Сақтандыру Қорынан нақтылап алуды сұраймыз.

2 651 теңге — қала тұрғындары үшін, 1 325 теңге — ауылдық жерде тұратын қазақстандықтар үшін.

 

Сіз есептелген соманы Smartbank қосымшасында қайтара аласыз:

1. “Төлемдерді” ашыңыз.

2. “Айыппұлдар мен бюджетке төлемдер” бөлімінде “42500 қайтаруды” таңдаңыз.

3. Өз деректеріңізді енгізіңіз (ЖСН және ТАӘ) және транзакцияның сомасын көрсетіңіз (42 500 теңге).
Бұл аударым үшін комиссия жоқ.

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.