* мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар, арнайы мемлекеттік жәрдемақылар, Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтардың зейнетақыларына үстемелер қосу, мемлекеттік арнайы жәрдемақылар, жерлеу жәрдемақысы, зейнетақы төлемдері мен басқа да төлемдерді (бұдан әрі зейнетақылар мен жәрдемақылар) алу құқығына ие болу сәтінде инфляция деңгейін ескере отырып, жинақтаушы зейнетақы қорында нақты салынған міндетті зейнетақы жарналары сомасы мен зейнетақы жинақтары сомасы арасындағы айырма ретінде мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен төленетін біржолғы төлемдер, сондай-ақ зейнетақылар мен жәрдемақылардан ақша ұстау.