logo
Қз

Астаналық отбасы жай ғана картамен сатып алу ақысын төлеп, Дубайға саяхат ұтып алды

Астаналық отбасы Еуразиялық банк науқанының жеңімпазы атанып, бас жүлдені — төрт адамға арналған қиял-ғажайыпқа толы саяхатты жеңіп алды. Қыста банк Mastercard төлем карталарын ұстаушы клиенттер арасында “Дубайға отбасылық сапар” науқанын өткізген болатын. Қатысу үшін бар болғаны картамен сатып алу қажет еді: ұтыс ойынына науқанның барлық кезеңінде жиынтығы 50 мың теңгеден басталатын транзакциялар  автоматты түрде енгізілді. Жеңімпаз кездейсоқ түрде анықталды және бұл жолы сәттілік Олегке сәтімен келді.

 

“Біз лифтте тұрдық, сол кезде кіші ұлымыз экрандағы Дубайға сапар жайлы жарнаманы және Еуразиялық банктің логотипін байқап, ол туралы сұрағаны есімде”—  дейді Олег ғажайыптың басталуын еске түсіре отырып. Жұбайым картамен төлеген кезде саяхатты жеңіп алуға болатынын түсіндірді. Содан кейін ол кенеттен: “Біздің сол жаққа сапар шегуіміз туралы тілек тілеймін”, – деді. Біз ол кезде жәй ғана күліп қоя салдық және қиялшыл кішкентайымыздың тілегі жақын арада орындалатынын тіпті елестете де алмадық”.

 

Ұтыс туралы қалай білдіңіз

Ұтыс туралы жаңалық отбасын таң қалдырды. Олег алғашында тіпті сенбегенін айтады: “Мүмкін емес — қателескен немесе әлдекімнің әзілі болар деп ойладым. Бәрі анықталған кезде, әйелім екеуміз қуаныштан абдырап та қалдық. Содан кейін біраз толқып, ол нәрсе бәрін қалай ұйымдастыруға болады, бірге қандай заттар алу керек деген секілді жағымды машақаттармен алмасты”.

 

Бірақ көңіліміз Еуразиялық банктің айрықша назар аударғандығының  арқасында тынышталды. “Қызметкерлер бірінші күннен бастап бізбен байланыста болды, барлығын егжей-тегжейлі түсіндірді, барлық ұйымдастырушылық сәттерде көмектесті. Бұл бізге сенімділік берді — біз кәдімгідей қамқорлықты сезіндік”, – дейді Олег.

 

Отбасы өздерін жай ғана науқан жеңімпаздары ғана емес, қадірлі қонақтардай сезінді. Сапар сәтті болды, оларды әуежайда қарсы алды, ал қонақ үйде салтанатты және жайлы бөлме күтіп тұрды. “Әрбір ұсақ-түйекке дейін мұқият ойластырылған. Біз демалуға бардық, бірақ өзімізді көптен күткен отбасылық ертегі әлеміндегідей сезіндік. Бізге деген жылулық пен көңіл қатты әсер етті”, — деп еске алады ол ризашылықпен.

 

Балық аулау, күннің батуын тамашалау және қайта бару туралы армандар

Дубайдағы бірнеше күнгі серуен, теңіз, жайлы кафелер мен көптен күткен балық аулаумен байқаусыз өте шықты.

 

“Біз теңізге яхтамен шығып, Парсы шығанағында балық ауладық — бұл менің ұлдарым үшін қызыққа толы шытырман оқиға болды, олар ұзақ уақыт бойы теңізде балық аулауды армандаған еді”, — деп еске алады Олег. – Кіші ұлым кейінірек: “Әке, қыста тағы келейік, капитанның сөзінше сол кезде балық жақсы қабады екен”, – деді. Біздің келесі демалысымыз жоспарланып қойған секілді”, — деп күледі ол.

 

Гид Александра отбасы үшін қала ішінде ықыласты экскурсиялар өткізді, Дубай туралы қызықты оқиғалармен бөлісті және жарқыраған мегаполисті ғана емес, оның көңіл-күйін, ырғағын, атмосферасын сезінуге көмектесті.

Ерекше мүмкіндіктері бар карта

Олегтің отбасын Дубайға әкелген оқиға Еуразиялық банктің Mastercard World Black Edition картасынан басталды. Олег картаны бірнеше жылдан бері қолданып келеді және оны күнделікті өмірде де, саяхатта да қарапайымдылығы мен ыңғайлылығы үшін бағалайды.

 

“Айырбас орындарына жүгірудің қажеті жоқ — валютаны Smartbank мобильді қосымшасында тікелей айырбастау ыңғайлы. Бұл әсіресе сапарларда өте маңызды”, — дейді ол. — “Сонымен қатар, “Саяхат” санаты бойынша төлем үшін +5% дейін, бизнес-залдарға тегін кіру, сақтандыру және тәулік бойы консьерж-сервис секілді жағымды бонустары бар. Мұның бәрі шынымен қажетке жарады”.

 

Смартфонмен төлегені үшін 3%-ға дейін, сүйікті санаттардағы сатып алулар үшін 30%-ға дейін бонустар, депозит болса қосымша бонустар сияқты жағымды артықшылықтары бар және кез келген сәтте қалтасынан табылатын карта Олег үшін сенімді көмекші болып табылады.

 

“Біз картаны әдеттегідей қолдандық, — дейді Олег күлімсіреп, —  бізге бүкіл шытырман оқиғаны және көптеген қуанышты сәттерді сыйлай алады деп тіпті ойламадық”.

 

Басты сыйлық — бірге өткізген уақыт

“Дубайға сапар бүкіл отбасы үшін сиқырлы мерекеге айналды, бірақ бұл оқиғаның басты құндылығы сәнді қонақ үй мен яхта емес, бірге өткізген уақыт еді,— деп Олег күле отырып мойындайды.

 

“Заманауи күнделікті өмірде біз үнемі жұмысбастымыз — жұмыс, істер, гаджеттер. Ал мұнда ешқайда жүгірудің қажеті жоқ, ештеңе туралы ойлаудың қажеті жоқ. Тек бір-біріміздің жанымызда болып, балаларымыздың күлгенін, ойнағанын, өздеріне таңсық нәрселерді ашқанын тамашаладық. Бұл біз бір-бірімізді шынымен естіп, сезініп, армандарымызбен бөлісіп, бірге уақыт өткізуден ләззат алған кез болды. Дәл осындай сәттер ғана жадымызда мәңгі сақталады және бір бірімізге жақынырақ болуымызға септігін тигізеді”, – дейді ол.

 

Отбасы жарқын және жылулыққа толы хикаяға айналған кішкентай бүлдіршіннің тілегін жүзеге асыруға көмектескені үшін Еуразиялық банк пен Mastercard-қа шын жүректен алғысын білдіреді.

 

Жаңа науқандарды банктің ресми сайтында “Науқандар” бөлімінде бақылай аласыз.

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.