Алматы, 2025 жылғы 1 желтоқсан
Еуразиялық банк 2017 жылы Қазақстан Республикасы банк сеткорының қаржылық тұрақтылығын арттыру бағдарламасы аясында алған мемлекеттік көмектің 30 млрд теңгесін мерзімінен бұрын қайтарды.
Облигациялардың 100 теңгені құрайтын номиналды құны бойынша 300 000 000 данасын сатып алу арқылы, жиналған сыйқаларды ескере отырып қайтарды. Осылайша мәміле көлемі 30 143 333 333,33 теңгені құрады.
2017 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық Банкі ақылылық және қайтарымдылық шарттарында 15 жылға дейін банктердің қаржылық тұрақтылығын нығайту бағдарламасын реттелген қаржыландыру механизмі мен акционерлердің капиталдандыруға ортақ қатысулары арқылы іске қосты. Мемлекет банктердің арнайы реттелген облигацияларын сатып алып, олардың капиталын күшейтіп, құрылымдық реформалар жағдайында экономиканы кредиттеуді қолдады.
Банк мемлекет тарапынан көрсетілген бағдарлама міндеттемелерін ақылы, жедел және қайтарымдылық қағидаттарында толық көлемде орындайды. 2017 жылдан бастап бағдарламаның қолданысы кезінде Еуразиялық банк мемлекетке облигациялар бойынша сыйақы түрінде шамамен 48 млрд теңге төледі, бұл тартылған реттелген борыш сомасының үштен бірін құрайды.
2017 жылы банк шығарған реттелген облигациялардың бір бөлігін мерзімінен бұрын сатып алу туралы шешімді Директорлар кеңесі 2025 жылғы 23 қазанда реттеушімен келісе отырып қабылдады.
«Еуразиялық банк» АҚ активтер көлемі бойынша жетінші орынға ие, Қазақстанның әлеуметтік-маңызды қаржы институты. Бөлшек сектор және корпоративтік бизнестің әр түрлі сегменттерінде жетекші орын алады. 1994 жылы құрылған банк үдемелі тұрақты өсу стратегиясын ұстанады.