logo
Қз

Еуразиялық банк алаяқтардан қорғану бойынша маңызды ұсыныстармен бөліседі

Заманауи технологиялар күнделікті өмірді ыңғайлы етумен қатар, өкінішке қарай, алаяқтар үшін де жаңа мүмкіндіктер ашты. Қаржылық қылмыскерлер азаматтардан ақша алып алу үшін әртүрлі амалдарды қолданады.

Алаяқтардан қалай қорғануға болады?

• Бейтаныс нөмірлерден шалынған қоңырауларға жауап бермеңіз — алаяқтар сіздің деректеріңізді алу үшін кез келген схеманы қолдана алады.
• Ешқашан жеке ақпаратыңызды телефон арқылы бермеңіз — банктер де, мемлекеттік органдар да ақша аударуды сұрамайды.
• Egov.kz арқылы кредитке тыйым салу — кредитке қатысты алаяқтықтан қорғайды.
• Әр түрлі карталарды әр түрлі мақсатта қолданыңыз — біреуі қаражатты сақтау үшін, екіншісі интернет-транзакциялар үшін.
• Жылдам табыс табу және әр түрлі компанияларға инвестиция салу сияқты  тиімді мәмілелер ұсыныстарынан сақ болыңыз — бұл көбінесе алаяқтардың айла-тәсілдері.
• Телефон мен құрылғыларды қорғаңыз — оларға код орнатып, телефоныңызды бейтаныс адамдарға, тіпті көшеде де бермеңіз.
• Әрқашан ақпаратты тексеріңіз — ақша аудармас бұрын туыстарыңызға немесе әріптестеріңізге қоңырау шалыңыз.
• Егер бірдеңе күдікті болып көрінсе — әңгімені бірден тоқтатып, телефонды қойыңыз.

Егер сіз алаяқтардың құрбаны болсаңыз не істеу керек?

 

Дереу банктің байланыс орталығына қоңырау шалыңыз немесе жақын жердегі филиалға барыңыз. Клиент банкке алаяқтық туралы хабарлағаннан кейін, ақпарат дереу антифрод орталығында тіркеледі, бұл қаржы ұйымдарына күдікті операцияларды тез блоктауға мүмкіндік береді. Не болғанын неғұрлым тез хабарласаңыз, ақшаны қайтару мүмкіндігі де соғұрлым жоғары болады.

 

Еуразиялық банктің клиенттері тәулік бойы келесі нөмірлер бойынша қоңырау шала алады:
+7 (771) 000-77-22 — Beeline;
+7 (700) 000-77-22 — Tele/Altel;
+7 (702) 010-77-22 — Kcell/activ.

 

Егер сіз алаяқтық әрекеттер фактісі бойынша немесе басқа себептер бойынша шағым қалдырғыңыз келсе мына сілтеме бойынша нысанды толтырыңыз: https://eubank.kz/feedback /

 

Қазіргі таңда алаяқтар тек психологиялық әдістерді ғана емес, сонымен қатар заманауи технологияларды, ЖИ-ды қолданатынын ескере отырып, қаржы әлемі бізден зейін мен хабардарлықты талап ететінін есте ұстаған жөн.   Еуразиялық банк өз клиенттеріне қамқор болу мақсатында, түрлі жағдайлардан құралған,  бірақ алаяқтарға қарсы тұрудың ортақ тәсілдері көрсетілген жалпы бейнероликтер сериясын шығарды. Өзіңізді және қаржыңызды қорғаңыз!

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.