Бүгін Астанада президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің отырысы аясында ұсынылған цифрлық әзірлемелер экспозициясына барды.
Көрмеде Еуразиялық банктен басқа, еліміздің жетекші компаниялары мен институттары Ustem Foundation, Freedom Bank, Yandex Qazaqstan, Kaspi, “Қазақтелеком”, “Бәйтерек”, “Қазақстан Темір Жолы” ҰБХ және басқа да бірқатар ұйымдардың цифрлық әзірлемелері ұсынылды.
Еуразиялық банк стендінде басқарма төрағасы Ляззат Сатиева екі жылдан астам уақыт бойы банк клиенттерді қорғау, қызметтерді дербестендіру және процестерді оңайлату технологияларын енгізе отырып, жасанды интеллект бағытын белсенді дамытып келе жатқанын айтты. Ұлттық банкімен бірлескен жұмыс барысында күдікті операцияларды бақылап, оларды нақты уақыт режимінде бұғаттауға мүмкіндік беретін антифрод жүйелері енгізілді. Осының арқасында 307 млн теңге сомасына 2,5 мыңға жуық алаяқтық операциялардың алдын алынды.
ЖИ сонымен қатар банк клиенттеріне нақты уақыт режимінде әр адамның өзекті қажеттіліктерін талдау арқылы жеке ұсыныстар алуға көмектеседі. Жыл басынан бері мобильді қосымшаны пайдаланушылардың қанағаттану деңгейі (NPS) 42%-дан 52%-ға дейін өсті. Сонымен қатар технология кепіл мүлкін 94%-ға дейінгі дәлдікпен қашықтықтан бағалауға және болашақта барлық клиенттік құжаттарды 95% күтілетін дәлдікпен өңдеуге мүмкіндік береді.
Басқарма төрағасы сондай — ақ Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен және ІІМ-мен бірлескен Eurasian Drive-пен бірлесіп іске асырылған Банктің бірегей жобасы туралы айтты. Қызмет жаңа автокөлікке кредит рәсімдеу және оны мобильді қосымша арқылы тікелей автосалонда тіркеуге мүмкіндік береді. Егер бұрын ресімдеу және есепке алу жұмыстарына үш күн жұмсалса, бүгінгі таңда бүкіл процесс 2-3 сағатты ғана алады, ал автокөлікті 30 минут ішінде тіркеуге болады. Жоба іске қосылғаннан бері қыркүйек айында аталмыш қызметке бүкіл ел бойынша 60-тан астам автосалон қосылып, 100-ден астам клиент жаңа мүмкіндікті пайдаланып үлгерді.