12 қыркүйек, Алматы
Еуразиялық банк өз клиенттері мен серіктестеріне Moody’s агенттігі банктің ұзақ мерзімді депозиттік рейтингтерін Ba3-тен Ba2-ге дейін, сондай-ақ BCA (кредит қабілетттілігінің негізгі бағасы) рейтингісін b1-ден ba3-кедейін көтергенін хабарлайды. Рейтингтердің жақсарғаны Қазақстандағы қолайлы операциялық орта мен макроэкономикалық жағдай аясында Еуразиялық банктің актив сапасының, табыстылығы мен төлем қабілеттілігінің өскенін көрсетеді, деп хабарлады агенттіктің ресми баспасөз хабарламасында.
“Біз Еуразиялық банк өзінің соңғы екі-үш жылда жақсарған кредиттік көрсеткіштерін сақтай алады деп күтеміз. Банктің өсіп келе жатқан клиенттік базасы кірістілікті арттыруға ықпал етеді. Жоғары экономикалық тұрақтылық тәуекелдің құнын шектесе, ал тұрақты ақша-кредит базасы (мысалы, пайыздық мөлшерлемелер, валюта бағамы) депозиттік базаны нығайту арқылы өтімділікті сақтайды”, – дейді Moody ‘ s агенттігінің сарапшылары.
Сондай-ақ Агенттік Қазақстандағы банктік қадағалау және реттеу институттарының тұрақты дамуы сектордағы күтпеген дефолттар мен тұрақсыздық қаупін азайтып, әрі капитал сапасына оң әсер етеді деп санайды.
Еуразиялық банктің ұзақ мерзімді депозиттік рейтингтерінің тұрақты болжамы Moody ‘ s-тің неғұрлым қолайлы операциялық орта арқылы банк жақсартылған негізгі кредиттік көрсеткіштерді сақтап, олардың құбылмалылығын төмендетуге мүмкіндік береді деп үміттенеді.
Еуразиялық банк-Қазақстандағы әлеуметтік маңызы бар қаржы институты, 2024 жылғы 1 қаңтардағы деректер бойынша қазақстандық банктер арасында актив көлемі бойынша алтыншы. Автокредиттеу саласында абсолютті көшбасшы, тауарлық кредиттеу саласында үздік 3 банктің қатарына кіреді, бөлшек саудада жетекші орынға ие, корпоративтік клиенттер мен кәсіпкерлерге кең спектрлі қызметтерді ұсынады. Банк ERG тобының экожүйесіне жатады (минералды ресурстарды өндіру және өңдеу саласындағы әлемдегі ең ірі компаниялардың бірі).