logo
Қз

Баспасөз релизі

Реттеуші Шухрат Ибрагимовты Еуразиялық банк Директорлар кеңесінің басшысы лауазымына келісті

Алматы, 2025 жылғы 23 қазан, Еуразиялық банк Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (ҚНРДА) Ибрагимов Шухрат Алиджановичті Директорлар кеңесінің төрағасы лауазымына келіскені туралы хабарлайды.

 

Ибрагимов мырза 2017 жылдан бастап Директорлар кеңесінің мүшесі, төраға лауазымына Қазақстан Республикасы заңнамасы мен банктің нормативтік құжаттарына сәйкес жүргізілген отырыс барысында сайланды.  Оның жауапкершілік аясы Банк стратегиясын айқындау, корпоративтік басқару тиімділігі мен ашықтығын арттыруға бағытталған.

 

“Еуразиялық банк құрылтайшылары мақсат қойған идеяларды дамыту мен үшін үлкен мәртебе. Сабақтастық рухын сақтай отырып, біз банктің нарықтағы позициясын нығайтып, клиенттеріміздің сенімі мен акционерлер үшін құнын арттыруға ниеттіміз”, – деді Ибрагимов.

 

Сонымен қатар ҚНРДА Бекенов Жанбота Темиргалиевич пен Мусин Ерлан Рысхановичті де “Еуразиялық банк” АҚ Директорлар кеңесі мүшелері лауазымына келісті.  Нәтижесінде Еуразиялық банк басқарушы органының құрамы:

Ибрагимов Шухрат Алиджанович —Директорлар кеңесінің төрағасы;

Бекенов Жанбота Темиргалиевич – Директорлар кеңесінің мүшесі;

Нурушев Арман Жакыпбекович –Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;

Мусин Ерлан Рысханович –Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;

 

Қосымша ақпарат:

Шухрат Алиджанов Ибрагимов 39 жаста, ол Eurasian Resources Group S.a.r.l Директорла кеңесінің төрағасы және топтың атқарушы директоры ретінде маңызды лауазымдарға ие.  “Еуразиялық Топ” ЖШС Бақылаушы кеңесті басқарады және “”Еуразиялық қаржы компаниясы” АҚ Директорлар кеңесіне қатысады, сондай-ақ “Евразия” Сақтандыру компаниясы” АҚ Директорлар кеңесін басқарады. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесіне кіреді. Халықаралық Азия кинофестивалінің (АҚШ) президенті.

 

“Еуразиялық банк” АҚ-актив көлемі жағынан жетінші орынды иеленген Қазақстанның әлеуметтік маңызды қаржы институты. Бөлшек сектор мен корпоративтік бизнес сегменттерінде жетекші позицияға ие.  1994 жылы негізі қаланған банк үдемелі тұрақты өсу стратегиясын ұстанады.

 

БАҚ-қа арналған байланыстар:

“Еуразиялық банк”
АҚ PR-қызметі: +7 (727) 259-95-99, ішкі: 3046

press@eubank.kz

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.