logo
Қз

Кәсіпкерлерге арналған бизнес-таңғы ас сериясы: Асель Машанова Еуразиялық банктің клиенттеріне қандай кеңестер берді?

Биылғы жылы, өзінің 30 жылдық мерейтойына орай, Еуразиялық банк шағын және орта бизнес өкілдерінің клиенттері үшін  бизнес-таңғы ас сериясын іске қосты. Мұндай кездесулер Қазақстанның бірнеше қаласында өтіп жатыр, олар бизнесмендерге өз компанияларын дамыту үшін жаңа білім мен мотивация алуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта бизнес-таңғы ас Қарағанды, Қостанай және Таразда өтіп, қатысушылар арасында кең ауқымды пікір тудырды.

Негізгі спикерлердің бірі — табысты кәсіпкер, Lulu Group, Metabody және Metafarm негізін қалаушы Асель Машанова болды. Ол сөйлеген сөзінде бірегей түсініктермен бөлісіп,  бизнесті дамыту бойынша құнды кеңестер береді. Оның сөйлеген сөздеріндегі басты тақырыптың бірі – табысқа жету үшін ойлау қабілетінің маңыздылығы. Асельдің айтуынша,  дәл осы айрықша  кәсіпкерлік ойлау қабілеті кәсіпкерлерді басқа адамдардан ерекшелендіріп тұрады.  Бұл қабілет  оларға мүмкіндіктерді  көре білуге және бизнесте ғана емес, жеке өмірде де өсуге мүмкіндік береді.

Машанова компанияның жетістігі негізінен мықты командаға байланысты екенін атап өтті. “Біз жай ғана компания құрмаймыз, командалар құрамыз”, — дейді Асель. Ол кәсіпкерлерге кадрларға келгенде ақшаны үнемдемеуге және елден тыс жерде болса да, ең үздік мамандарды тартуға кеңес береді.
Асель  қазіргі заманда  әлемнің кез келген жеріндегі  кәсіби мамандармен жұмыс істеуге болатынын өз тәжірибесімен-ақ көрсетіп отыр: оның Бангкок пен Америкадан жұмыс істейтін қызметкерлері бар екен.

Машанова сонымен қатар бизнесте өз орнын табу тақырыбын қозғайды. Оның айтуынша, бүгінгі таңда әлемдік деңгейдегі бизнесті жүргізу үшін көптеген мүмкіндіктер бар. Гарвард пен Стэнфорд сияқты әлемнің ең жақсы университеттерінде онлайн оқуға қол жеткізу, дәлелденген нәтижелері бар коучтардың тренингтері — мұның бәрі дамуға арналған даңғыл болашақтың есігін ашады.

Асель Машановамен дидарласып, сұхбаттасу өте жанға жайлы және жылы шырайлы атмосферада өтті. Қатысушылар сұрақтар қоя алды, өздерін “мазалайтын” мәселелермен бөлісті және практикалық кеңестер алды.

Кездесулер барлық қатысушылар үшін нағыз шабыт көзі болды, әрбір қатысушы  әрі қарай даму үшін жаңа білім және идеяларды арқалай кетті.

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.