logo
Қз

Еуразиялық банк Қарағандыда жаңа форматтағы бөлімше ашты

Алматы, 2024 жылғы 11 маусым

Еуразиялық банк өз қызметінің 30 жылдығын клиенттер үшін маңызды оқиғалармен атап өтеді — Қарағандыда Есеп кварталы, 137, 349-үй мекенжайы бойынша бірінші флагмандық бөлімше ашылды.

 

Жаңа әрі жайлы бөлімше клиенттерге жеке және заңды тұлғаларға арналған банктік өнімдер мен сервистердің барлық желісін пайдалануға мүмкіндік береді. Мұнда ұлғайтылған бонустары бар дебеттік карталарды, тиімді депозиттерді ашуға болады, төлемдер мен аударымдарды жүргізіп, ыңғайлы кредиттік өнімдерді және т.б. ала аласыз.

 

Шағын және орта бизнеске кредит беру өтінімдерін өтініш беру процесінен бастап берілгенге дейін толығымен өңдеуге мүмкіндік беретін тұйықталған кредиттік цикл жаңа қызмет көрсету форматының ерекшелігі болып табылады.

 

“Бұл бірегей тәсіл әсіресе кәсіпкерлер үшін маңызды. Қарағанды бүгінгі таңда Қазақстандағы бизнес үшін ең белсенді орталықтардың бірі болып табылады. Ірі кәсіпорындармен қатар шағын және орта кәсіпорындар жұмыс істеуде — кредит алып, өсуде. Ірі банктердің бірі ретінде бізге бизнесті дамыту және қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін жақсартуға жәрдемдесу маңызды. Біздің кредит берудің толық циклімен қызмет көрсетуге деген көзқарасымызды бизнесмендер ғана емес, барлық қарағандылықтар да оң бағалайтынына сенімдімін”, – деп түсіндірді Еуразиялық банктің Бөлшек бизнес жетекшісі Айнагуль Даулетбаева.

 

Еуразиялық банк әрбір клиентке қатысты жеке тәсілдемені сақтаумен және өз қызметін белсенді жүзеге асырып келе жатқан өңірлердің экономикалық және әлеуметтік дамуына үлес қосу үшін қолдан келгеннің бәрін жасай отырып, қызмет көрсету сапасын арттыруды жалғастыруға ниетті.

 

Бүгінде Еуразиялық банктің Қарағандыда және облыс бойынша 8 бөлімшесі бар.

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.