Құпиялылық және мобильді қосымшаның дербес деректерін өңдеу саясаты (Қашықтан банктік қызмет көрсету жүйесі – «Еуразиялық банк» АҚ ҚБҚЖ) (бұдан әрі – Саясат) «Еуразиялық банк» АҚ -та (бұдан әрі – Банк) Пайдаланушының дербес деректерінің (бұдан әрі – деректер) қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды белгілейді және Пайдаланушылардан сұратылуы мүмкін деректердің тізбесін көрсетеді.
Банк үшін деректер деп есептелетіндер
Банк қызметтерін, сондай-ақ оның серіктестері мен мемлекеттік органдардың қызметтері мен сервистерін (бұдан әрі – Қызметтер) ұсыну үшін, оның ішінде мобильді қосымшаны (ҚБҚЖ) орнату және пайдалану және оған қолжетімділік беруді жүзеге асыру кезінде Банк ақпарат алады және жинайды.
Банк үшін деректер деп мобильді қосымшаны (ҚБҚЖ) Пайдаланушының және (немесе) Қызмет көрсету үшін Пайдаланушы берген, оның ішінде үшінші тұлғалар туралы берген дербес деректері саналады. Деректерді жинаумен, өңдеумен және қорғаумен байланысты қызметтің мақсаты, принциптері мен құқықтық негіздері Банк үшін маңызды мәні бар және маңызды басымдылық болып табылады.
Деректер Банкке мобильді қосымшаны пайдаланушылардың (бұдан әрі – Пайдаланушылар) қаржы операцияларының қауіпсіздігін қорғау, қаржылық қызметтерді (банктік шоттар мен депозиттер ашу, кредит алу) қауіпсіз көрсету және Қызметтерді тиісті көрсету, Пайдаланушылардың алдындағы шарттық міндеттемелерін орындау үшін қажет.
Пайдаланушылар – Банктің мобильді қосымшасына (ҚБҚЖ) тіркелген жеке тұлғалар.
Банктің мобильді қосымшасының (ҚБҚЖ) функцияларын пайдалану Пайдаланушының осы Саясатпен және оның дербес деректерін өңдеудің онда көрсетілген талаптарымен сөзсіз келіскенін білдіреді. Бұл талаптармен келіспеген жағдайда, Пайдаланушы Банктің мобильді қосымшасын (ҚБҚЖ) пайдаланудан бас тартуы тиіс.
Пайдаланушының деректері (дербес деректері) – бұл ЖСН, ТАӘ, ұялы телефон нөмірі, туған күні, электрондық пошта мекенжайы, тұрғылықты мекенжайы (о.і. оларға Қызмет көрсету үшін Пайдаланушы көрсеткен үшінші тұлғалардың осыған ұқсас деректері), биометриялық деректері мен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге деректер.
Пайдаланушының келісімімен, мобильді қосымша (ҚБҚЖ):
- Пайдаланушының геолокациясына;
- Пайдаланушының мобильді құрылғысының телефон нөмірін, Пайдаланушының мобильді құрылғысының ұялы желісі туралы ағымдағы ақпаратты, Пайдаланушының мобильді құрылғысында тіркелген барлық тіркеу жазбаларының тізімі мен ағымдағы барлық қоңыраулардың күйін қоса алғанда (о.і. сим-карталар саны мен esim болуын), Пайдаланушының мобильді құрылғысының жай-күйін оқуға;
- Мобильді қосымшаны (ҚБҚЖ) пайдалану сәтінде шақыртулардың болуын (қатысушылар мен шақыртулардың мазмұны туралы ақпаратсыз);
- Құрылғыда орнатылған қосымшалар туралы ақпаратқа;
- Телефон кітапшасының контактілеріне (Пайдаланушыға телефон нөмірі бойынша аударымдар үшін контактілерден төлем немесе аударым алушыны таңдауға мүмкіндік береді);
- Пайдаланушының мобильді құрылғысының камерасына;
- Микрофонға (Пайдаланушыға байланыс үшін дыбыстық хабарламалар жіберуге мүмкіндік береді);
- Цифрлық құжаттар сервисін Банктің мобильді қосымшасымен (ҚБҚЖ) интеграциялау арқылы қамтамасыз етілген цифрлық құжаттарға;
- Банктің өнімдерін пайдалануға, Қызмет көрсетуге, маркетингтік ақпарат беруге және жаңалықтар таратуға, сондай-ақ Сіздің сұраныстарыңызды өңдеуге қатысты хабарламаларды, ұсыныстарды және ақпаратты жіберуге;
- Банктің мобильді қосымшасында (ҚБҚЖ) OTP-кодын автоматты түрде толтыру үшін SMS-хабарламаларға (Банктің SMS-хабарламалар түрінде жіберген растау коды) қолжетімдік алады.
Автоматты түрде жиналатын ақпарат
Банк диагностикалық ақпаратты, сондай -ақ мобильді қосымшаны (ҚБҚЖ) орнату және пайдалану кезіндегі оның өнімділігі туралы мәлімет пен ақпаратты жинайды. Осы санатқа Пайдаланушының әрекеттері (мобильді қосымшаны пайдалану, басқа Пайдаланушылармен өзара әрекеті және т.б.), мобильді қосымшадан кіру (визит) күні мен уақыты, мобильді қосымшаның (ҚБҚЖ) жұмысындағы іркілістер мен сипаттамалары туралы ақпарат, құрылғының моделі, операциялық жүйе туралы ақпарат, браузер деректері, Пайдаланушы мен құрылғының IP-мекенжайы, бірегей сәйкестендіргіштері жатады.
Пайдаланушы ақша аударымын жасаған кезде, Банк төлем ақпараты мен ақша аударымдарын растауды алады (жасалған операциялардың уақыты мен сомасы, төлем әдістері туралы деректер, қызметтерді алушы және/немесе жеткізуші туралы деректер, операцияны жасау себебінің сипаттамасы (бар болса)).
Банк үшінші тұлғалар ұсынатын, Пайдаланушы туралы, Пайдаланушы көрсеткен өзге тұлғалар туралы деректерді қамтитын ақпаратты алады (мобильді қосымшаны (ҚБҚЖ) пайдаланған кезде, Пайдаланушылар Банкке телефон нөмірін және (немесе) басқа деректерді, ақша аударымын жасау үшін үшінші тұлғалардың деректерін (ЖСН; ТАӘ, ұялы телефон нөмірі, туғаны күні және/немесе жылы, электрондық пошта мекенжайы, тұрғылықты мекенжайы) беруі, сондай-ақ ақша аударымын жасаған кезде хабарламалар және т.б. жіберуі мүмкін).
Банк сырттағы ұйымдармен бірлесіп қызмет жасайды, олар Банкке жұмысты қамтамасыз етуге, Банк қызметін ұсынуға, жетілдіруге, талдауға, баптауға, қолдауға және ілгерілетуге көмектеседі. Мысалы Банк: Банк қызметін көрсету процесінде ақпараттық және техникалық өзара іс-қимыл қызмет; жеткізу сервисі; мемлекеттік және өзге қызметтер көрсететін компаниялармен жұмыс істейді. Кейбір жағдайларда осы компаниялар бізге Пайдаланушы туралы ақпарат беруі мүмкін. Мобильді қосымша (ҚБҚЖ) Пайдаланушыға Банктің қызметін үшінші тұлғалардың қызметімен бірге пайдалануға мүмкіндік береді.
Банк Пайдаланушының деректерін қандай мақсаттарда алады және өңдейді
Банк Пайдаланушы мен Банктің және (немесе) үшінші тұлғалардың арасында жасалған шарттарға сәйкес Пайдаланушыға мобильді қосымша (ҚБҚЖ) арқылы қолжетімді Қызмет көрсету мүмкіндігіне ие болу үшін Пайдаланушының деректерін өңдейді.
Банк бұл деректерді қашықтан шарттар жасау және электрондық Қызметтер алу үшін; шарттар шеңберінде Пайдаланушы сәйкестендіру және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін; Пайдаланушымен байланыста болу( хабарламалар, Банктің өнімдері/қызметтері туралы ұсыныстар жіберу); Пайдаланушының және (немесе) Пайдаланушы беретін үшінші тұлғалардың және (немесе) Қызмет көрсету үшін үшінші тұлға беретін деректерін тексеру үшін пайдаланады.
Банк заңнаманың талаптарын сақтау және орындау мақсатында (мемлекеттік органдар алдындағы міндеттемелерді орындау үшін, алаяқтықтың, Қызметтерді дұрыс пайдаланбаудың алдын алу, сондай-ақ деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін) Пайдаланушының деректерін өңдейді.
Банк деректерді трансшекаралық беру туралы заңнаманың барлық талаптарын сақтайды, Пайдаланушының деректерін қорғауға көмектеседі.
Банк төмендегі жағдайларды қоспағанда, Пайдаланушының дербес деректерін жария етпейді және үшінші тұлғаларға бермейді:
- деректер беру Пайдаланушымен жасалған шартты орындау, Пайдаланушыға Қызмет көрсету үшін қажет болған;
- деректер беру қолданыстағы заңнамамен қарастырылған.
Банкке үшінші тұлғалардың дербес деректерін тікелей немесе үшінші тұлғалар арқылы берген кезде Пайдаланушы деректерді жалпыға қолжетімді ақпарат көздерінде орналастыру құқығынсыз тиісті қызметтер көрсету үшін дербес деректерді жинауға, өңдеуге, оның ішінде трансшекаралық беруге Банкке және үшінші тұлғаларға беруге олардың келісімін алғанын растайды.
Пайдаланушы мобильді қосымшаны (ҚБҚЖ) пайдаланумен байланысты өзінің іс- әрекеттері үшін үшінші тұлғалардың алдында (оның ішінде мобильді қосымшаға (ҚБҚЖ) енгізілген деректердің дұрыстығы мен енгізілген деректердің үшінші тұлғалардың жеке басын куәландырушы құжаттармен сәйкестігі үшін) дербес жауапкершілікте болады.
Құпиялы ақпаратты сақтау үшін Банктің қауіпсіздік шаралары
Банктің Пайдаланушының деректерін сырттан кіруден, ақпаратқа рұқсатсыз қол жеткізу әрекеттерінен, өзгерістерден, электрондық құжаттардың мазмұнындағы бұрмаланулардың және/немесе өзгерістердің болуын анықтаудан, дербес деректерді ашудан немесе жоюдан қорғауға бағытталған технологиялары, ішкі рәсімдері бар және барлық әрекеттерді жүзеге асырады.
Мобильді қосымша (ҚБҚЖ) Пайдаланушы мен Банктің арасында берілетін деректердің қорғалуын қамтамасыз етеді. Пайдаланушының парольдері Банктің жүйесінде көрінбейді, тек шифрланған күйде сақталады және беріледі.
Пайдаланушы телефонын (о.і. SIM картасын) үшінші тұлғаларға (Пайдаланушыға орнатылған және ол тіркелген) бермеуі, жарияламауы және өзінің тіркеу деректерін (мобильді қосымшада (ҚБҚЖ) тіркелген ұялы телефон нөмірі мен паролін) терген кезде үшінші тұлғалардан жасыруы тиіс. Максималды қорғауды қамтамасыз ету үшін антивирустық (вирусқа қарсы) бағдарламаларды пайдалану және уақтылы жаңартып тұру ұсынылады. Пайдаланушы өзінің тіркеу деректерін рұқсатсыз пайдалануға күдік туындаған кез келген жағдай туралы Банкке дереу хабарлауға міндеттенеді.
Банк Пайдаланушының деректерін осы Саясатқа сәйкес оларды жинау және өңдеу мақсаттарына қол жеткізу үшін қажет болғанша және/немесе Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау мақсатында сақтайтын болады.
Кәмелетке толмаған тұлғалардың дербес деректері
Мобильді қосымша (ҚБҚЖ) және оның мазмұны 18 жасқа толмаған тұлғаларға арналмаған.
Банкте 18 жасқа толмаған тұлғаның мобильді қосымшаны (ҚБҚЖ) пайдалану кезінде ата-анасының немесе қамқоршысының келісімі бар/жоқтығын анықтау тәсілі жоқ.
Ата-ана немесе қамқоршы Банктің бөлімшесіне/филиалына өтініш беріп, Банкпен хабарласуы тиіс, егер:
- 18 жасқа толмаған тұлға, ата-анасының немесе қамқоршылардың келісімінсіз жеке ақпаратын берсе;
- мобильді қосымшаны (ҚБҚЖ) 18 жасқа толмаған тұлға ата-ананың немесе қамқоршының келісімінсіз пайдаланса.
Құпиялылық
Егер Пайдаланушы Саясатпен келіспеген жағдайда, ол мобильді қосымшаны (ҚБҚЖ) жүктеуден бас тартуға міндетті.
Мобильді қосымшаны (ҚБҚЖ) Пайдаланушы мен Банктің арасындағы қатынастардан туындайтын барлық даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер (дауды ерікті түрде реттеу туралы ұсыныспен жазбаша өтініш беру) арқылы шешілетін болады.
Саясатқа және Пайдаланушы мен Банктің арасындағы қатынастарға Қазақстан Республикасының құқығы/заңнамасы қолданылады. Мобильді қосымшаға (ҚБҚЖ), оның ішінде өткізілетін және әзірленетін сервистерге барлық құқықтар «Еуразиялық банк» АҚ-ға тиесілі.