Еуразиялық банктің туыс компаниясы – “Еуразия” сақтандыру компаниясы өзінің 30 жылдық мерейтойын сыйлықтар ұтысымен атап өтуде, олардың ең бастысы – екі Toyota Corolla автокөлігі.
Ұтыс ойынына 2025 жылғы 1 мамырдан бастап 2026 жылғы 30 сәуірге дейінгі кезеңде жеке тұлғалар, соның ішінде “Еуразиялық банк” автокредиттеу шеңберінде сатып алған, қолданылу мерзімі кемінде бір жыл болған барлық каско полистері қатысады.
Жүлде қоры:
- 2025 жылғы Toyota Corolla автомобилі – 2 дана;
- iPhone 16 Pro – 12 дана;
- Samsung S25 – 12 дана;
- 300 мың теңгелік каско сертификаты – 12 дана;
- 30 литр бензин сертификаты – 120 дана.
Ұтыс ойыны төрт кезеңде, әр үш айда өткізіледі. Автомобиль ұтыс ойындары 2025 жылғы қараша мен 2026 жылғы мамыр айларында өтеді.
- І кезең – 2025 жылғы тамызда: смартфондар мен сертификаттар;
- ІІ кезең – 2025 жылғы қарашада: смартфондар, сертификаттар, автомобильдер;
- ІІІ кезең – 2026 жылғы ақпанда: смартфондар мен сертификаттар;
- IV кезең – 2026 жылғы мамырда: смартфондар, сертификаттар, автомобиль;
Қосымша талаптар:
Ұтыс ойынына қатысу үшін қолданыстағы Каско шарты болуы керек, Шарт мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда қатысушы ұтыс ойынынан шығып қалады. Қатысушы ЖКО кезінде кінәлі тарап болмауы тиіс.
Каско полисін ресімдеген әрбір клиент өзінің қатысушы мәртебесін eurasia36.kz сайтындағы жеке кабинетінен тексере алады.
Ұтысқа қатысудың толық шарттарымен сайттан немесе 5678 қысқа нөмірі бойынша (мобильді телефоннан тегін) танысуға болады.