Қазақстанның әр түрлі өңірлерінде «Еуразиялық банк» АҚ атын пайдаланумен телефонмен жасалатын алаяқтық жағдайлары тіркеле бастады. Алаяқтар ықтимал құрбандарына «Еуразиялық банк» АҚ жүргізетін акциялардың нәтижелері бойынша ақша қаражаттарын ұтып алғандары туралы телефон қоңырауларын шалады.
Осыған байланысты «Еуразиялық банк» АҚ осыған ұқсас қоңырау шалуларды ұялы телефонды пайдаланумен алаяқтық деп есептеу керек екендігін ресми мәлімдейді. Осындай тұлғалардың нұсқаулықтарымен Сіз жүргізетін кез келген әрекеттер, алаяқтардың Сіздің телефоныңыздың балансынан қаражаттар алып алуға не Сізге басқа материалдық шығындар әкелуге, сондай-ақ Сіздің жеке деректеріңізді олардың пайдақорлық мақсаттарына пайдалануына алып келуі мүмкін. Осыған ұқсас барлық алаяқтық фактілері бойынша кешіктірмей тұрған орныңыз бойынша құқық қорғау органдарына хабарлауыңыз тиіс.
«Еуразиялық банк» АҚ не оның серіктестері қандай да бір акциялар және сыйлықтар немесе жүлделерді ойнатқанда әрбір облыстың тұрғындарына ол туралы ертерек ресми бұқаралық ақпарат құралдарында, теледидар, радио- басылымдық жарнамалар арқылы, сондай-ақ Банктің келесі ресми интернет-сайттарында хабарландырылады: www.eubank.kz.
Банк жүргізетін акциялардың барлығы туралы өзекті және шынайы ақпаратты Сіз үшін қолайлы тәсілдердің бірін пайдалана отырып, Сіз мына телефондар бойынша ала аласыз:
«Еуразиялық банк» АҚ атынан Сізге қатысты алаяқтық әрекеттер жасауға талпынған әрекет етуші белгісіз тұлғалардың тарапынан болған барлық талпыныстар туралы бізге жоғарыда көрсетілген байланыс арналары арқылы хабарлауыңызды өтініп сұраймыз.
Қырағы болыңыз және Сізді қызықтырған ақпаратты ресми көздерден тексерудің дұрыс болатынын естен шығармаңыз.