logo
Қз

Өтемақы бойынша сұрақ-жауаптар

Теңгелік депозиттерді ұстаушыларға мемлекеттен берілетін қосымша біржолғы сыйақы.

Сыйақы мөлшері 10% құрайды, бірақ бір салымшыға 2 000 000 теңгеден аспауы тиіс.
Төлем 2022 жылғы 23 ақпандағы (23:59) жағдай бойынша депозиттегі қалдыққа есептеледі.
Өтемақыны есептеу 2023 жылғы 24 ақпанда 2022 жылғы 23 ақпаннан бастап 2023 жылғы 24 ақпанға дейін 12 ай ішіндегі депозиттегі ең төменгі сомаға жүргізілетін болады.
Өтемақы есептеу және төлеу үшін бір салымшының барлық депозиттерінің ең жоғары сомасы 20 000 000 теңгені құрайды.
Егер депозит 2022 жылғы 23 ақпанда жабылған болса, онда бұл депозитке өтемақы берілмейді.
Депозиттен ішінара ақша алу өтемақы есептеу және төлеу сомасын автоматты түрде азайтады.

Салымдар бойынша сыйақы алудың міндетті шарты салымның 2023 жылғы 24 ақпанға дейін сақталуы болып табылады. Бұл ретте 2022 жылғы 23 ақпан күнінің соңында салымда болған сома есепке алынады. Депозиттен ішінара ақша алу өтемақы есептеу және төлеу сомасын автоматты түрде азайтады.

Сыйақы (өтемақы) сомасы 2022 жылғы 24 ақпаннан бастап 2023 жылғы 23 ақпанға дейін 12 ай ішіндегі ең төменгі салым сомасына есептелетін болады.

1-мысал:
2022 жылғы 23 ақпан күнінің соңындағы салым сомасы 100 000 теңге.
2022 жылдың 25 ақпанында клиент 50 000 теңге шешіп алған. Кейін клиент депозитін 100 000 теңгеге толықтырды.
2022 жылғы 24 ақпаннан бастап 2023 жылғы 23 ақпанға дейінгі кезеңде ең төменгі сома 50 000 теңге болды. Клиентке 50 000 теңгеге 10% сыйақы есептеледі және сыйақы 5 000 теңгені құрайды.

2-мысал:
Клиенттің 25 000 000 теңгені құрайтын бірнеше депозиті бар.
Бұл жағдайда 20 000 000 теңгеге өтемақы есептеледі, ал 5 000 000 теңгеге өтемақы есептелмейді.

Мерзімді (“Турбо Депозит”, “Турбо Қазпошта депозиті”, күші жойылған салымдар (“Еуразиялық балалар” депозитін қоспағанда) және теңгедегі жинақ салымдарына (“Турбо Депозит Жинақтаушы”).
Бағдарлама ағымдық және карточкалық шоттарға, сондай-ақ талап етілгенге дейінгі және шартты депозиттерге қолданылмайды.

Жоқ, сыйақы тек теңгедегі салымдар бойынша есептелетін болады.

Сыйақы 2022 жылғы 23 ақпандағы (23:59) жағдай бойынша қолданыстағы барлық салымдарға есептелетін болады. Сыйақы есептелетін ең жоғарғы сома 20 млн теңгеден аспауы тиіс.

Есептеу 2023 жылғы 24 ақпандағы жағдай бойынша қалдыққа жүзеге асырылатын болады.
Төлемнің болжамды мерзімі — 2023 жылғы наурыз.

Егер салым шарттарында ішінара алу қарастырылған болса, онда сіз ақша ала аласыз. Бұл ретте депозиттен ішінара ақша алу өтемақы есептеу және төлеу сомасын автоматты түрде азайтады.

Егер салым шарттарында толықтыру көзделген болса, онда сіз депозитті толықтыра аласыз. Алайда өтемақы төлеген кезде 2022 жылғы 24 ақпаннан 2023 жылғы 23 ақпанға дейінгі 12 ай ішіндегі ең төменгі салым сомасы есепке алынады.

Иә, бірақ жабылған депозитке өтемақы төленбейді.

 

2023 жылғы 24 ақпаннан бастап депозитті жабуға немесе ақшаны ішінара алуға болады, өйткені өтемақы төлеу өтемақы алу үшін арнайы ашылған ағымдағы шоттарға жүзеге асырылады. Өтемақы есептеу 2023 жылғы 23 ақпандағы 23:59 жағдай бойынша есепке алынады. Өтемақы алу үшін ашылған ағымдағы шоттарды өтемақы есептелгенге дейін жабуға болмайды.

Сыйақыға салық салынбайды.

2022 жылғы 27 тамыздағы № 614 Ұлттық валютада (теңгемен) орналастырылған жеке тұлғалардың депозиттері бойынша өтемақы (сыйақы) төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар). Қолданысқа енгізілген күні – 2022 жылғы 12 қыркүйек.

 

“Қағидалар” өзгерістері осы жерде қол жетімді.

Өтемақы (сыйақы) сомасын банк депозиторлардың (салымшылардың) ағымдық банк шоттарына есептейді. Ол үшін банкке өтініш берген кезіңізде банкте өтемақы алу үшін ағымдағы шот ашылады. Осы ағымдағы шот өтемақы сомасы есептелгенге дейін жабылмауы тиіс.

Қағидалардың 7-тармағына сәйкес өтемақы (сыйақы) өзінің өтініш-келісімін берген депозиторларға (салымшыларға) беріледі. 2023 жылғы 10 ақпанына дейінгі мерзімде банкке келісу туралы өтініш бермеген депозиторларға (салымшыларға) өтемақы (сыйақы) төленбейді.

12.09.2022 жылдан 10.02.2023 жылға дейін. Осы мерзімде банкке келісу туралы өтініш бермеген депозиторларға (салымшыларға) өтемақы (сыйақы) төленбейді.

– 12.09.2022 жылдан бастап өтемақы төлеу үшін ағымдағы шот ашылатын банк бөлімшесінде/филиалында.

– Android платформасындағы «Smartbank» мобильді қосымшасы арқылы өтініш беруге болады. Ол үшін мобильді қосымшаның басты бетінде «Депозит, карта немесе шот ашу» түймесін басу керек, содан кейін «Шоттар» бөлімінде «Өтемақы шоты» тармағын таңдап, шарттарды қабылдау керек. Бұл процедура шамамен 2 минуттай уақыт алады.

IOS платформасында іске қосылу күні қосымша жариаланатын болады.

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.