logo
Қз

Еуразиялық банктің рейтингі Moody’s агенттігімен расталды

2020 жылғы 2 мамыр, Алматы, – Moody’s Investors Service (Moody’s) халықаралық рейтингтік агенттігі 30 сәуірде Еуразиялық банктің рейтингісін В2 деңгейінде және кредитке қабілеттілігінің базалық бағасын b3 деңгейінде қалдырды, Қазақстанның банктік секторы мен экономикасы үшін жалпы болжамдардың нашарлауының ізінше банктің ұлттық және шетел валютасындағы ұзақ мерзімді операциялар бойынша болжамы “жағымсызға” дейін төмендетілді.

 

«Біз үшін банктің бизнесінің сәтті көрсеткіштерінің негізінде рейтингтің расталуы өте маңызды нәтиже болды.  Нәтижесінде тіпті күрделі операциялық ортада да біздің клиенттерге қолдау көрсетіндей және өз міндеттемелерімізді орындайтындай жеткілікті тиімділік қоры жиналды. Жалпы экономикалық құлдырау мен коронавирус індеті кезеңінде Қазақстан мен ТМД-дағы барлық банктік сектор бойынша рейтингтік болжамдардың ұқсас төмендеуіне байланысты ұзақ мерзімді болжамның нашарлауын күткенбіз», – деп өз түсінігімен бөлісті банктің басқарма төрағасы Валентин Морозов.

 

Рейтингтік агенттік банктің акционерлері тарапынан капиталға жақын арада жасалған құйылуды, сондай-ақ қаржылық тұрақтылықты арттыру мемлекеттік бағдарламасына қатысуды және банктік сектор тәуекелдерінің төмендеуін таяу болашақтағы орын алуы мүмкін экономикалық және қаржылық сын-тегеуріндеріне төтей алуға жағдай жасайтын жағымды фактор ретінде қарастырды.

 

«Еуразиялық банк» АҚ — Қазақстан нарығында 25 жылдық тарихы бар әмбебап қаржылық институт.  Активтер мөлшері бойынша қазақстандық банктер арасында 9-шы орынға ие.  Банктің қызмет көрсету желісіне еліміздің аумағындағы 17 филиал және 114 бөлімше кіреді. Ресейде еншілес банкі бар. Банктің акционері «Еуразиялық қаржылық компания» АҚ болып табылады.

 

«Еуразиялық банк» АҚ PR-қызметі

+7 (727) 259-95-99, ішкі: 4401.

press@eubank.kz
eubank.kz

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.