logo

Шалбаев кінәсін мойындады, Еуразиялық банк қылмысына сәйкес жаза сұрады

2021 жылғы 5 ақпан, Алматы
Жітіқара аудандық сотында Еуразиялық банк бөлімшесінің бұрынғы бастығы Мырзабай Шалбаевтың 205 мың еуро сомасын жымқыру бойынша істі тыңдау жалғасты.

 

Банк соттан Мырзабай Шалбаевқа жасаған қылмысына сәйкес келетін жазаны қолдануды сұрады.

 

— Банк жасалған қылмысқа сәйкес жаза тағайындауды және банктің пайдасына 68,5 мың еуро және 6 698 313 теңге сомасындағы мүліктік залалды өндіріп алуды қажет деп санайды, — деді “Еуразиялық банк” АҚ өкілі Қайрат Салқымбаев.

 

Қалған соманы полиция қаскүнемді ұстағаннан кейін бірден банкке берген болатын. Шалбаевтың іс-әрекетінен зардап шеккен салымшыларға жымқыру анықталған кезде-ақ банк дереу ақшалай жинақтарын пайыздармен өтеген еді.

 

— Кінәні толық мойындаймын, — деді тыңдауда Шалбаев. — Мен әлі күнге дейін жақындарымның, ата-анамның және бұрынғы әріптестерімнің алдында ұяламын және олардан кешірім сұраймын.

 

Естеріңізге сала кетсек, бұрынғы бөлімше бастығы өз қарыздарын төлеу үшін кассадан 205 мың еуро ұрлап кеткен болатын. Бұрынғы қызметкердің құмар ойындарға үйірсектік жаман әдеті болған-ды.

 

Банктің қауіпсіздік қызметі мен полицияның жедел әрекеттерінің арқасында қаскүнем Ресей аумағында екі күннен кейін табылып, ұсталды, кейіннен Қостанайға экстрадицияланды.

 

Банк сотқа 2021 жылғы 25 қаңтарда жүгінді. Үкім 2021 жылғы 9 ақпанда сағат 16:00-де шығарылады деп жоспарлануда.

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо