logo
Қз

Шухрат Ибрагимов ERG менеджерлер кеңесіне кірді

DSC08576

Еуразиялық банк директорлар кеңесінің мүшесі Шухрат Ибрагимовтың әлемдегі табиғи ресурстарды өндіру және өңдеу бойынша жетекші компания Eurasian Resources Group (“ERG”) Менеджерлер Кеңесіне тағайындалғаны туралы хабарлайды; шешім 2021 жылғы наурыздың 3-і күні күшіне енген. ERG-дің ресми хабарламасына сәйкес, Ибрагимов мырза сонымен қатар Менеджерлер кеңесі жанындағы Аудит жөніндегі комитет, Сыйақылар жөніндегі комитет пен Бірігу мен жұтылу жөніндегі комиттердің құрамына кірді.

Осылайша, ағымдағы жылдың ақпан айында қайтыс болған ERG-дің негізін қалаушылардың бірі – Алиджана Ибрагимовтың Менеджерлер кеңесіндегі орнын ұлы Шухрат Ибрагимов басып отыр.

 

Менеджерлер кеңесіне тағайындалғанға дейін  Шухрат Алиджанұлы алты жыл бойы ERG-дің бизнесті дамыту жөніндегі департаментіне жетекшілік еткен. Ол бүгінде кобальт өндірісінің көлемі бойынша әлемде екінші, ал мыс өндіру көлемі бойынша ең ірі өндірушілер қатарына енген Metalkol RTR, ERG-дің Бразилиядағы кіріктірлген темір кені мен логистикалық BAMIN жобасы сынды бірқатар ауқымды халықаралық бастамаларды әзірлеп, іске қосуға сүбелі үлес қосқан.

ERG-дің Менеджерлер кеңесінің төрағасы, доктор Александр Машкевич: «Біз Менеджерлер кеңесі құрамына Шухрат Ибрагимовтың келгеніне қуаныштымыз. Шухрат тау-кен өнеркәсібі саласында тәжірибесі толысқан, біздің негізгі бірқатар бастамаларымызды дамыту ісінде шыңдалып, ERG бизнесін терең білетін маман. Осының арқасында ол келешекте Топтың өсуін қамтамасыз ету ісіне сүбелі үлес қосарына сенімдімін»,- деп атап айтты.

Өз кезегінде Шухрат Ибрагимов мырза: «Мен бірнеше жыл ERG-дегі жетекші лауазымдарда қызмет еттім. Сонда жинақтаған тәжірибе мен әкемнің өнегесіне арқа сүйеп, Топ пен оның стейкхолдерлерінің кең ауқымына барынша пайдалы болармын деген үміттемін», – деп түйді.

 

**********

Ибрагимов Мырза 2017 жылдан бастап Еуразиялық банктің директорлар кеңесінің құрамында жұмыс істейді, үш комитеттің: аудит жөніндегі комитеттің, сыйақылар жөніндегі комитеттің және тәуекелдер мен ішкі бақылау жөніндегі Комитеттің қызметіне қатысады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығының көшбасшыларының бірі – «Евразия» сақтандыру компаниясы мен әлеуметтік маңызды қаржы институты болып табылатын  Еуразиялық банк Директорлары кеңесінің мүшесі және Орта Азиядағы ең ірі алтын өндіруші кәсіпорындардың бірі – «Альянс Алтын»-ның атқарушы емес директоры.

Одан бөлек, Түркиямен іскерлік байланыстарды нығайту мақсатында құрйылған «YABİAD» – халықаралық инвесторлар қоғамдастығы мен шетелдік инвесторлар Кеңесінің Вице-президенті.

Шухрат Ибрагимов мырза бірқатар қайырымдылық шараларына да қатысады. Атап айтқанда, Африка мен Азия тұрғындарының суға қолжетімділігі мен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздеген британдық “I am part of” қайырымдылық ұйымы Қомқоршыларының кеңесіне жетекшілік етеді. Пандемия кезінде Ибрагимов мырза Қазақстан мен Қырғызстанға оттегі концентраторлары мен қорғаныс құралдарының үлкен партиясын жеткізуді қамтамасыз етті. Сонымен қатар, халықаралық Азия кинофестивалі кеңесіне жетекшілік етіп, әлемнің түрлі елдеріндегі бірқатар мәдени жобаларға қолдау көрсетіп келеді.

Шухрат Ибрагимов мырза Лондондағы Еуропа бизнес мектебін және Бейжіңдегі тіл мен мәдениет университетін тәмамдаған. Ағылшын, орыс, француз және түрік тілдерінде еркін сөйлейді, және қытай тілін жұмысқа қажетті көлемде біледі.

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.