logo
Қз

Тұрғын үйді брондау кезіндегі жаңа алаяқтық түрі

Еуразиялық банк Polisia.kz-ке сілтеме жасай отырып, апартаменттер мен қонақүйлерді танымал интернет-сервистер арқылы жалға алу кезіндегі жаңа алаяқтық схемасы туралы полиция дерегін хабарлайды.

 

Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, броньды ресімдеген пайдаланушылар деректері жеке кабинетте көрсетіліп, растауды қажет етпесе де, банк картасының деректемелерін қайта енгізуді сұрайтын хабарламаларды ала бастаған. Алаяқтар өздерін үй иелері немесе платформа әкімшілері ретінде көрсете отырып, қаражатты ұрлау үшін фишингтік сайттарға сілтемелер жіберіп, жалған аккаунттарды пайдаланады.

 

Тұрғын үйді қауіпсіз брондау жөніндегі ұсыныстар:
• Сайт мекенжайын тексеріңіз. Фишингтік беттердің домендік атауларында қосылған әріптер, өзгертілген жалғаулар және т.б. сияқты елеусіз өзгерістер болуы мүмкін.
• Жалға берушімен тікелей хат алмасу кезінде банк картасының деректемелерін бермеңіз.
• Тым тиімді ұсыныстарға күмәнмен қараңыз. Өте төмен баға күдік тудыруы қажет, бұл алаяқтық белгісі болуы мүмкін.
• Хабарландырудың пікірлері мен тарихын зерделеңіз. Объектінің жарияланған күні мен орналастырған мерзіміне назар аударыңыз  — ұзақ уақыт бойы жариялануы оның сенімділігін жанама түрде көрсетеді.

• Мүмкіндігінше алдын ала толық төлем жасаудан аулақ болыңыз. Уақытша жалға алынатын тұрғын үй төлемін тұрғын үйдің бар-жоғына көз жеткізіп барып, сол жерге барғанда ғана төлеңіз.
• Мессенджерлер, электрондық пошталар немесе әлеуметтік желілердегі күдікті сілтемелерден сақ болыңыз — олар жалған сайттарға бағыттауы мүмкін.
• Тек тексерілген платформалар арқылы ғана брондаңыз. Егер сайт күмән тудырса, тәуекелге бел бумай, ақпаратты қайта тексеріңіз.

 

Еуразиялық банк клиенттерді мұқият болуға және сәл күмәніңіз болса да, бірден банкке немесе полицияға хабарласуға кеңес береді.

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.