Бұл ЖТЖ жүйесінің қатысушылары болып табылатын Қазақстан банктері арасындағы телефон нөмірі бойынша аударымдарды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін платформа. Барлық есептеулер белгіленген лимиттерге сәйкес ұлттық валютада жүргізіледі:
— Бір транзакцияға 500 000 теңге;
— тәулігіне 1 000 000 теңге;
— айына 2 000 000 теңге.
Жүйенің артықшылықтары:
Алушының ұялы телефон нөмірін білу жеткілікті
Аударым кезінде қаражатты жедел есепке алу
Аударым үшін ең төменгі комиссия
Аударым қалай жүзеге асырылады:
1-қадам: Smartbank-тың аударымдар бөліміне кіру.
2-қадам: “ҚР басқа банкіне” — “Телефон” әдісін таңдау.
3-қадам: қаражатты есептен шығаратын картаны таңдау.
4-қадам: телефон нөмірін енгізу.
5-қадам: алушының банкін таңдау.
6-қадам: аударымды растау.
7-қадам: аяқталған операция туралы мәліметтерді алу.
ЖТЖ жүйесінің қатысушылары болып табылатын екінші деңгейдегі банктер:
«Еуразиялық банк» АҚ
“Банк ЦентрКредит” АҚ
«Қазпошта» АҚ
“Bereke Bank” АҚ
“First Heartland Jusan Bank” АҚ
“Forte Bank” АҚ
“Банк Фридом Финанс Қазақстан” АҚ
“Bank RBK” АҚ
“Altyn Bank” АҚ (China Citic Bank Corporation Ltd ЕБ)
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.