logo
Қз

Еуразиялық банктің "Қазақстан бойынша 30 секундта!" байқауына қатысыңыз!

Қазақстанның Тәуелсіздік күні мерекесіне орай біз “Қазақстан бойынша 30 секундта” байқауын бастаймыз.

 

Сіздің туған қалаңыз, ауылыңыз, өзен-көл, сүйікті жеріңіз өз атымен немесе атауымен географиялық картаға түсірілген. Ол нені білдіреді Бұл атау қайдан шыққан? Мүмкін, аңызға қатысы бар шығар? Немесе тарихи тұлғаға. Немесе тарихи оқиғаға.  Бұл туралы бейнеролигіңізде 30 секундтан астам уақыт ішінде айтыңыз. Ол жердің сұлулығын көрсетіңіз. Ең креативті және танымдық мәні бар роликтің авторы Қазақстанның курорттық аймақтарына 500 000 теңгеден 2 жолдамаға ие болады. Сондай-ақ қазылар алқасының мүшелері көтермелеу сыйлықтарын табыс ететін болады.

 

Қатысу үшін не қажет:

 

1. Instagram үшін сүйікті жеріңіздің – туған ауыл, шаһар, кент, өзен-көл, арал, қаланың атауы қайдан шыққаны туралы ұзақтығы 30 секундтан астам болатын танымдық бейнеролик түсіріңіз. Міндетті түрде Instagram үшін Reels форматында болуы тиіс (бейнежазба көлденеңінен емес, тігінен көрсетілуі керек).

2. Бейнежазбада жер атауының тарихын ашып, сол жердің ерекшелігін немесе көрнектілігін көрсету қажет.

3. Бейнематериалды авторы жіберуі тиіс (Интернеттегі фото- және бейнематериалдарды оқиғаның тарихи бөлігін сүйемелдеу үшін ғана пайдалануға болады).

4. Байқау жазбасының астында 3 жеке досыңызды белгілеңіз (Дүкен, бренд және компания парақшаларын белгілеуге болмайды)

5. Роликті өз Instagram парақшаңызға “Қазақстан бойынша Еуразиялық банкпен 30 секундта!” және міндетті түрде #kz2022eubank хэштегімен орналастырыңыз

6. @eurasianbank парақшасына жазылып, оны өз жазбаңыздың астында белгілеңіз.

 

Жүлде қоры:

 

1 орын — Қазақстанның курорттық аймақтарына 500 000 теңгеден 2 жолдама.

 

Ынталандыру сыйлықтары: 2 шатыр, ұйықтауға арналған 2 қап, 2 адамға скандинавиялық жүріс  таяқтары, 2 сейілге арналған жинақ.

 

Мысал:

 

2021 жылғы байқау жеңімпазының жұмысымен мына жерден танысуға болады.

 

Байқаудың өтетін кезеңі:

 

2022 жылғы 16 қарашадан 11 желтоқсанға дейін.

 

Байқау нәтижелерін 15 желтоқсанда Instagram парақшамызда (@eurasianbank) тікелей эфирде көрсетеміз.

 

Байқаудың толық шарттары мына жерде.

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.