logo
Қз

2021 жылғы 25 қазан

Алматы қ.

Баспасөз релизі

Қазақстанда қолданыста болған автокөліктерді цифрлық кредиттеу пайда болды

Қазақстанда қайталама нарықта кредитке автокөлік сатып алу енді банк кеңсесіне бармай-ақ рәсімдеу мүмкін болды. Автокөлікті таңдап, car.eubank.kz сайтында өтінім жіберу жеткілікті, кредит беру туралы түпкілікті шешім клиент туралы деректер негізінде онлайн режимде қабылданады.

 

Автокредит беру нарығындағы көшбасшы Еуразиялық банк қолданыста болған автомокөліктерді сатып алатын қазақстандықтар үшін жаңа цифрлық өнімді іске қосты. Кредит ресімдеудің толық үдерісі car.eubank.kz сайтында қол жетімді және ол бірнеше кликтан ғана тұрады — автокөлік маркасын таңдау мен қарыз сомасын анықтаудан бастап соңғы шешімді алуға дейін.

 

«Біз қазақстандықтарға қолданыста болған автокөлік сатып алуға арналған алғашқы толық цифрландырылған кредитті ұсынуға дайынбыз — негізінен бұл Еуразиялық банк қолдауымен автокөлікті қолдан-қолға беру. Ол үшін клиенттің бөлімшеге келуі де қажет емес, ресімдеу үдерісінің жолын клиент онлайн платформа арқылы қашықтықтан жасай алады. Бізге адамдардың басым көпшілігі өз автокөліктерін қиындықсыз сатып алуға көмектесетін қолайлы, қарапайым әрі ыңғайлы өнімді жасау маңызды болды», — деді банк басқармасы төрағасының орынбасары Иван Белохвостиков.

 

Электрондық қолтаңба мен биометриялық технологияларды қолдана отырып, алдыңғы қатарлы цифрлық қызметті дамыту арқылы банк автокөлікті кредитке сатып алу процесін барынша жеңілдетті және оның толық қауіпсіздігі мен жосықсыз сатушылардан қорғауды қамтамасыз етті: ақша шартқа қол қойылғанға дейін және кілттерді сатып алушыға бергенге дейін арнайы шотта болады. Кредитті ресімдеу кезіндегі бонус ретінде — Еуразиялық банктен сыйлыққа кредит берудің бүкіл мерзіміне КАСКО сақтандыру ұсынылады.

 

Өтінім бойынша оң шешім алғаннан кейін банк қызметкері клиентке қоңырау шалып, жақын маңдағы мамандандырылған ХҚКО аумағында орналасқан техникалық қызмет көрсету станциясына (ТҚС) шақырады, онда автокөлік техникалық сараптамадан және көліктің заңды тазалығын анықтайтын криминалисттің бағалау тексерісінен өтеді. Банктің уәкілетті өкілі автомокөлікті ресімдеп, кепілді тіркеп, мәмілені бір жерден 1 күн ішінде ресімдеуге көмектеседі.

 

«Көптеген адамдар үшін көлік сатып алу — бұл өмірдегі маңызды оқиға және біз оның жағымды эмоциялар мен жайлы өткенін қалаймыз», — деді Банктің аға басқарушы директоры Виталий Акулов.

 

Жүрілген автокөліктерге онлайн-кредит беру өнімі әзірге үш қалада — Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте қолжетімді. Қарашаның соңына дейін Өскемен, Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Қостанай, Қызылорда және Қарағанды қалаларын қосу күтілуде.

 

Еуразиялық банк бизнестің стратегиялық бағыты болып табылатын автокөліктерді онлайн-кредиттеу мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтеді. 2021 жылғы шілдеде банк ТМД-да алғаш рет AllurGroup компаниялар тобымен әріптестікте жаңа автомобильдерді цифрлық авто-кредиттеуді іске қосты, ал енді осындай сервиспен қайталама автокөлік нарығына шықты.

 

 

«Еуразиялық банк» АҚ PR-қызметі

+7 (727) 259-95-99, ішкі: 4401.

press@eubank.kz

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.