logo
Қз

Таратылатын банктердің салымшылары кепілді өтемді 1 мамырға дейін ала алады

Қазіргі уақытта Қазақстанда барлығы 9 банкте тарату үдерісі жүріп жатыр. Олардың салымшыларына кепілдік берілген өтем сомасының 98%-дан астамы төленген. Бұл 113,1 млрд теңгеден астам соманы құрайды. Таратылатын сегіз банктің салымшылары өздеріне тиесілі өтем ақшаларды соңғы күнін қоса алғанда 2022 жылдың 1 мамырына дейін ала алады. Бұл «Валют-Транзит Банк» АҚ, «Қазинвестбанк» АҚ, «Delta Bank» АҚ, «Эксимбанк Қазақстан» АҚ, «Qazaq Banki» АҚ, «Астана Банкі» АҚ, «Tengri Bank» АҚ және «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ салымшылары.

 

«Capital Bank Kazakhstan» АҚ лицензиясынан кейінірек айырылғандықтан, оның салымшыларының кепілдік берілген өтемді соңғы күнін қоса алғанда биылғы жылдың 3 шілдесіне дейін алуға мүмкіндіктері бар.


Өтем алуға өтінішті дәстүрлі тәсілмен де Төлемдердің электрондық порталы (ТЭП) арқылы онлайн түрінде де беруге болады. Онда төленуге қолжетімді соманы тексеруге және өтініштің орындалу барысын қадағалауға болады. Сонымен қатар салымшылар лицензиясынан айырылған банктің салымшыларына өтем төлеуге тағайындалған агент банктер арқылы да өтініш бере алады. Кепілдік берілген өтемді төлейтін агент банктердің бөлімшелері туралы ақпаратпен олардың сайттары арқылы танысып шығуға болады.


Төлем мерзімі аяқталған соң, талап етілмеген өтем сомалары салымшылардың БЖЗҚ-да ашылған, ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шоттарына аударылады. Бұл шараны Қор «Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы» ҚР Заңына сәйкес күнтізбелік 30 күн ішінде жүзеге асырады. Осылайша таратылатын сегіз банктің клиенттері өтем ақшаларының БЖЗҚ-ға аударылуын ағымдағы жылдың 31 мамырына дейін, ал «Capital Bank Kazakhstan» АҚ салымшылары 2 тамызға дейін күте алады.


Еске саламыз, төлем мерзімін дәлелді себептермен өткізіп алған салымшы жазбаша өтінішпен Қорға тікелей жүгінеді. Өтінішпен бірге дәлелді себептерді растайтын құжаттар да қоса беріледі. Дәлелді себептерге: әскери қызметке орналасу, депозитордың шетелде, бас бостандығынан айыру орындарында болуы, салымшының мұрасын қабылдау және мұраны ашу және алуға қатысты өзге де себептер, сондай-ақ сот анықтаған басқа да мән-жайлар жатады.


Өз кезегінде таратылатын банктердің салымшыларының талап етпеген өтем сомалары Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру заңнамасында көзделген тәртіппен салымшылардың атына ашылған, ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шоттарына (бұдан әрі – ЖЗШ) аударылады.


Талап етілмеген кепілдік берілген өтем сомасы БЖЗҚ-ға салымшының дербес деректері БЖЗҚ-дағы деректермен сәйкес келгенде аударылады. Бұдан басқа, жеке басын куәландыратын құжаттың болуы қажет. Сондай-ақ салымшыда міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және (немесе) ерікті зейнетақы жарналары есебінен ашылған, зейнетақы жинақтары бар ЖЗШ бар болуы қажет.
Бірақ бұл үшін салымшыларға БЖЗҚ-ға барудың қажеті жоқ – егер барлық талаптар сәйкес келетін болса, өтем сомасы БЖЗҚ-ға автоматты түрде аударылады. Сондай-ақ, ЖЗШ-ға есептелген өтем сомаларының басқа зейнетақы активтері секілді инвестицияланатындығын хабарлаймыз. Яғни бұл сома салымшыға (алушыға) инвестициялық табыс әкелетін болады.


Толық ақпаратты тегін 1460 нөміріне қоңырау шалу арқылы алуға, сондай-ақ info@kdif.kz сұрау жіберу, kdif@kdif.kz немесе жеделхатта @kdif_ask сұрақ қою арқылы алуға болады.

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.