logo

Еуразиялық банк Tengri Bank клиенттеріне кепілдікті өтем төлеуді 30 қыркүйектен бастайды

2020 жылғы 25 қыркүйек, Алматы

“Еуразиялық банк” АҚ (бұдан әрі — банк) екінші рет агент-банк болып таңдалды және “Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры” (ҚДКБҚ) АҚ-тан 2020 жылғы 18 қыркүйекте лицензиясынан айырылған “Tengri Bank” АҚ-та орналастырылған жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің депозиттері, ағымдағы және карточкалық шоттары бойынша кепілдікті өтемді төлеу міндеттемесін өзіне алды.

 

— Біз төлеуді 30 қыркүйектен бастауға дайынбыз. Қазіргі таңда біз заманауи цифрлық және дәстүрлі банктік қызмет көрсетудің артықшылықтарын біріктіреміз. Сондықтан «Tengri Bank» АҚ клиенттерінің өз қаражаттарын бөлімшеге келместен біздің қызмет тегін жеткізіп беретін төлем картасына бірден алуға мүмкіндіктері бар.  Жалғасып жатқан пандемия жағдайында біз қашықтықтан пайдалану арналарын қолдануға және банк сайтында дереу карта ресімдеуді ұсынамыз.  Бұл ретте филиалдық желі де салымшылардың өтініштерін қабылдауға дайын болады, — деді банктің басқарма төрағасы Валентин Морозов.

 

Кепілдікті өтемді төлеу бір жыл бойы жалғасады.   “Tengri Bank” АҚ клиенттерінен өтініштерді қабылдау 2020 жылғы 30 қыркүйекте сәрсенбі күні басталады және 2021 жылғы 30 қыркүйекте аяқталады.

 

Заңнамаға сәйкес салымшылар кепілдікті өтемді алудың өзіне ыңғайлы тәсілін өз бетінше таңдай алады: агент-банктің кассасынан қолма-қол ақшамен, агент-банктегі немесе кез келген басқа банктегі банктік (оның ішінде карточкалық) шотқа ақшаны аударумен.

 

ҚДКБҚ атынан осымен екінші рет төлем агенті ретінде әрекет ететін Еуразиялық банк “Tengri Bank” АҚ клиенттеріне жылдам, қауіпсіз және жайлы қызмет көрсету үшін толық көлемде тәжірибеге, қажетті инфрақұрылымға және технологияларға ие.

 

Өтем мөлшері заңнамада белгіленген кепілдік сомасы шеңберінде айқындалады:

* ұлттық валютадағы жинақ депозиттері бойынша 15 млн теңгеден артық емес;

* ұлттық валютадағы өзге депозиттер бойынша 10 млн теңгеден артық емес;

* және шетел валютасындағы депозиттер бойынша 5 млн теңге баламасынан артық емес (“Tengri Bank” АҚ лицензиясынан айыру күнінде белгіленген валюта айырбастау бағамы бойынша).

 

Салымшыда түрі мен валютасы бойынша әртүрлі екі және одан да көп кепілдікті депозиттер болған жағдайда, агент-банк олар бойынша шетел валютасындағы депозиттің кепілдікті қалдығы бойынша 5 млн теңгеден аспайтын шектеуді ескере отырып, 15 млн теңгеден аспайтын сомада жиынтық кепілдікті өтемді төлейді.

 

Барлық ақпарат, оның ішінде барлық қалалардағы банк-агенттің филиалдары мен бөлімшелерінің мекенжайлары, сондай-ақ олардың жұмыс режимі www.eubank.kz ресми сайтында және банктің байланыс орталығында қолжетімді.

 

2019 жылғы 31 желтоқсандағы деректер бойынша Еуразиялық банк активтер мен меншікті капитал мөлшері бойынша қазақстандық банктердің алдыңғы 10-на кіреді, жаңа көліктерге кредит беру бойынша 1-ші, бөлшек портфель мөлшері бойынша 5-ші, тұрғындардың салымдары бойынша 7-ші орынды иеленіп, бөлшек кредит беру нарығындағы ең ірілерінің бірі болып табылады. 2019 жылы қыркүйекте Moody’s Investors Service халықаралық рейтингтік агенттігі банкке ұлттық және шетел валютасындағы ұзақ мерзімді депозиттер бойынша B2 деңгейінде рейтинг берді.       Банк дамуының болжамы “тұрақты”.  Банктің филиалдары мемлекетіміздің барлық аймақтарында орналасқан, қазіргі таңда желімізде Қазақстан бойынша 17 филиал және 114 есеп айырысу-кассалық кеңселер бар.

 

2019 жылы Еуразиялық банк Астана Банкінің салымшыларына қаражатты кепілдікті өтеу үшін агент- банк ретінде таңдап алынып, міндеттемелердің шамамен 99%-н төледі және әлі де төлеуде.

 

“Еуразиялық банк” АҚ PR-қызметі.
+7 (727) 259-95-99, ішкі: 4401
press@eubank.kz

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.