Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақтар мен жауаптар
logo

Еуразиялық банк Президенттің Жарлығы бойынша қарыз алушыларға берешектерін өтеді және артық төлемдерін қайтаруды бастады

Еуразиялық банк әлеуметтік жағынан осал азаматтар тобынан қарыз алушыларға негізгі борышты және ол бойынша есептелген сыйақыны өтеді және 8 қыркүйектен бастап кредитті өз бетінше өтеген  клиенттерге ақшалай айырманы (артық төлеу) қайтаруды бастайды.

 

«Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту туралы» Президенттің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 34 Жарлығына сәйкес жалпы сомасы 300 мың теңгеге дейінгі қаражат көп балалы отбасылардың, асыраушысынан айырылған отбасылардың, мүгедек балалары бар отбасылардың, 18 жастан асқан бала жасынан мүгедектердің, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылардың, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жиырма тоғыз жасқа толмаған, кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған балалардың борыштарын өтеуге бағытталды. Бұл ретте, қарыз бойынша жалпы берешек 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 3 млн теңгеден, ал негізгі борыш пен ол бойынша есептелген сыйақыдан тұратын өтелетін берешек мөлшері бір қарыз алушыға 300 мың теңгеден аспауы тиіс.

 

Егер Еуразиялық банкте қарызға бөлінген өтеу сомасы (300 мың теңгеге дейін) ағымдағы сәтте негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомасынан асып кетсе, онда қарыз алушы банк бөлімшесіне жүгіне алады және қалған қаражатты (бұдан әрі — артық төлеу) ала алады. Артық төлем алуға жүгінетін клиенттер үшін Еуразиялық банк арнайы түрде 2019 жылдың 8 қыркүйегі — демалыс күні бөлімшелерді ашады. Бұл сондай-ақ кезекті болдырмауға көмектеседі және қызметтерді жайлы көрсетуді қамтамасыз етеді.

 

Клиенттерге ыңғайлы болуы үшін банк берешек туралы ақпаратты eubank.kz сайтында тексеруді ұйымдастырды.

 

Банк қарыз алушыларға 8 қыркүйектен бастап бөлімшеге келуге кеңес береді. Банк қарыз алушыларды алу мерзімімен шектемейді – тиесілі артық төлемді 8 қыркүйектен бастап кез келген уақытта алуға болады.  Банк әр қарыз алушыны жеке-жеке SMS арқылы шақырады.

 

«Еуразиялық банк» АҚ PR-қызметі
+7 (727) 259-95-99, ішкі: 4401.
press@eubank.kz
eubank.kz

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо