logo
Қз

Студенттер банк үшін офистік кеңістік жобаларын жасады

Еуразиялықтар, 2019 жылғы 15 қазанда Еуразиялық банк дизайнерлер – сәулет және дизайнерлік бағыттағы студенттерге арналған байқау өткізді.

 

Талантты жастар Алматыдағы банк кеңсесінің бесінші қабатындағы кеңістігі үшін интерьер жобасын жасады.

 

Қатысушылардың жұмыстарын көру және келешекте офистің қандай болатынын білу үшін сілтеме бойынша өтіңіз.

 

Банктің АТ-командасының көптеген қызметкерлері жұмыс жасайтын open space-ке (ағылшын тілінен — ашық түрдегі офис) жаңа көзқарас қажет болды, сол себепті Банк байқау өткізу туралы шешімге келді.  Бүгіндері АТ-технологиялар – банктік істі қосқанда бизнестің көптеген салаларындағы өсу қозғаушысы болып табылады.  Осы себепті бағдарламашылардың, әзірлеушілер мен басқа да АТ-мамандарының офисте өздерін жайлы сезінулері ерекше маңызды нәрсе.  Жұмыс кеңістігі шабыттандыруы тиіс.  Бұған қоса, банк жаңашылдыққа ашық және болашақ кәсіби дизайнерлердің құлшыныстарын қолдайды.  Екінші орын мен үшінші орынның жүлде қоры “Меломанға” 45 000 және 30 000 теңгенің сертификатынан құралды, ал басты жүлде 585 000 теңге (1 500 USD) мөлшеріндегі ақшалай сыйақы болды.  Сондай-ақ жеңімпаз командаға банк жобаны іске асыруға қатысу мүмкіндігін ұсынды.

Байқауға алты команда қатысты – қатысушылардың жалпы саны он екі: Т.К.Басенов атындағы сәулет және құрылыс институтының студенттері:  К. Басенова: Айиррис Ахметкалиева, Вита Колесникова, Саида Альжанова, Айдана Агибай, Сесез Даяна, Юрий Шумаков, Оксана Барсукова, Ансар Жалгасов, Айганым Есенбаева, Григорий Мулагулов, Дарья Абайдулова және Қарағанды политехникалық колледжінің студенті Анна Ганенко.

Әзірлеген дизайн-жобаларын қорғау үшін Банк студенттерді Brick Loft Almaty студиясына шақырды. Барлық командалар өз идеялары туралы айтып, сөз сөйлегеннен кейін банк басқармасының төрағасы Валентин Морозов бастаған байқау комиссиясы талқылауға шықты. Байқауға қатысушылардың жұмыстары эргономикалық, бірыңғай тұжырымдама мен стильдің болуы бойынша бағаланды.

 

Жобаны Айиррис Ахметкалиева мен Вита Колесникованың командалары жеңіп алды. Екінші орын Даяна Сесез бен Юрий Шумаковқа, ал үшінші орын Оксана Барсукова мен Ансар Жалгасовқа бұйырды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз, сәттілік, кәсіби табыстар мен қызықты тың жобалар тілейміз!

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.