logo
Қз

Жаңа буын алаяқтығы: алаяқтар деректерді әскери шақыру қағаздары арқылы, Google және смартфон экраны арқылы ұрлайды

Қазақстанда онлайн-алаяқтық жағдайларының саны артып келеді-қаскүнемдер психологиялық тәсілдерді де, осал цифрлық сервистерді де белсенді пайдалануда. Пайдаланушылардың артып келе жатқан цифрлық сауаттылығына бейімделе отырып, олар жеке деректер мен ақшаға қол жеткізудің барған сайын күрделі жолдарын ойластырады.

 

“Әскери комиссариаттардан” жалған шақыру қағаздары мен Google-ден келген жалған хат

 

Жаңа схемалардың бірі-әскери комиссариаттардың жалған шақырулары.  Жәбірленушілердің мессенджерлеріне “Сіз әскерден жалтарасыз”, “Айыппұлды болдырмау үшін деректерді растаңыз” сынды қорқытатын SMS пен хабарламалар келеді. Мұндай хабарламалардағы сілтемелер фишингтік сайттарға әкеліп, ол жақтан пайдаланушының төлқұжаты мен банктік деректерін ұрлайды.

 

Басқа сценарий – Google-ден келген жалған хат.  Осалдық кесірінен қаскүнемдер no-reply@google.com мекенжайынан мазмұны өзгертілген заңды хаттарды жібереді. Ішінде – Google Docs немесе Google Sites ретінде жасырылған сайттарға апаратын жалған сілтемелер бар. Мұндай шабуылдар өте қауіпті: хат шынымен де рас көрінеді, ал фишингі байқалмайды.

 

Жаңа амал: мессенджерлерде экранды көрсету

 

Адамдардың сақ болып, SMS-кодтарын айтпайтынын түсінген алаяқтар жаңа амал ойлап тапты: Мемлекеттік қызметтерге немесе төлемдерге байланысты көмек ретінде экранның көрсетілімін қосуды сұрайды. Адам экранды көрсетіп жатқанда, қаскүнемдер растауды талап ететін әрекетке бастамашылық етеді-мысалы, ақша аудару немесе құпия сөзді қалпына келтіру.  Растау коды экранда пайда болады да, бірден алаяқтың қолына түседі.

 

Цифрлық алаяқтық түрлері күн өткен сайын жиілеп барады.  Мұқият болыңыз: хабарлама тіпті ресми түрде болса да немесе «нақты» мекенжайдан келген болса да, ол оның түпнұсқалылығының кепілдігі бола алмайды.  күмәнді сілтемелер бойынша өтпеңіз, SMS-кодтарымен бөліспеңіз және бейтаныс адаммен сөлейскен кезде телефоныңыздың “экран көрсетуді” ешқашан қоспаңыз.

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.