logo
Қз

«Даму Өндіріс 2 (3-транш)»

Бір қарыз алушыға арналған ең жоғары лимит

лимит жоқ тамақ өнеркәсібі саласындағы жобаларды қоспағанда, 3 млрд 600 млн теңгеден аспайды.

Пайыздық мөлшерлемесі

жылдық 6%

Мерзімі

10 жылға дейін

Қарыз мақсаты

- инвестициялар;
- негізгі құралдарды сатып алу;
- қайта қаржыландыру

Қалай өтінім беру керек

1

Кеңес беру

2

Құжаттарды дайындау

3

Өтінім беру

4

Мақұлдау

Өнімнің сипаттамасы және жалпы шарттары:

Мақсатты сегменті: Қазақстан Республикасының заңнамасына сай шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері (ШОКС) болып табылатын және қосымшаға сәйкес өңдеуші өнеркәсіп саласында өз жобаларын жүзеге асырушы тұлғалар.

Бір қарыз алушыға арналған ең жоғары лимит: лимит жоқ тамақ өнеркәсібі саласындағы жобаларды қоспағанда,

3 млрд 600 млн теңгеден аспайды.

Қарыз мерзімі:

— инвестициялау, бұрын инвестициялауға жұмсалған қолданыстағы қарыздарды қайта қаржыландыру мақсаттарына берілетін қарыздар бойынша — 120 айдан артық емес;

— айналым қаражатын толықтыру, бұрын айналым қаражатын толықтыруға жұмсалған қолданыстағы қарыздарды қайта қаржыландыру мақсаттарына берілетін қарыздар бойынша — 60 айдан артық емес.

Қарыздың мақсатты тағайындамасы:

— инвестициялар;

— айналым қаражатын толықтыру;

— кәсіпкерлерге қаржылай қолдау көрсету бағдарламаларына («Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 14.04.2014 ж. № 354 және 05.12.2014 ж. № 1276 Қаулыларына сай Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен «ҚазАгро» ҰБХ-ның оңалту бағдарламалары) қаржылық қолдау бағдарламаларына қатыспайтын бұрын берілген қарыздарды қайта қаржыландыру, бірақ бұл қарыздар екінші деңгейлі банкке қайта қаржыландыру туралы өтініш беру күніне дейін кемінде 1 жыл бұрын берілген болуы тиіс.

Түпкілікті қарыз алушыларға келесі мақсаттар үшін қарыз беруге тыйым салынады:

— заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу мақсатында;

— бұрын шыққан шығындарды өтеу;

— үлестес/өзара байланысты компаниялардың/тұлғалардың негізгі құралдарын, активтерін сатып алу

Қарыз бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесі: жылдық 6%.

ЖТСМ – 6,2%-дан бастап

Қарыз валютасы: теңге.

Кредит желісі бойынша қолжетімділік кезеңі: 1 (бір) жылға дейін.

Бағдарламаға келесі шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері қатыса алмайды:

— акцизделетін тауарлар шығаратын жобаларды жүзеге асыратын;

— акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу немесе одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар немесе ұйымдар құрылтайшылары (соның ішінде қатысушылары, акционерлері) болып табылатын заңды тұлғалар, сонымен қатар коммерциялық емес ұйымдар.

Қатысушылар:

төменде берілген өңдеуші өнеркәсіп саласында өз жобаларын жүзеге асыратын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері (ШОКС)

Кеңес беру үшін байланыс нөмірлері:

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.