Ұлттық Банк «Сақ стилі» сериясының жаңа 10 000 банкнотының түпнұсқалығын қалай жылдам тексеруге болатынын айтты:
- Елтаңбаның алтын бедерлі бейнесі,
- қолмен ұстағанда жақсы сезілетін бедерлі элементтері,
- үзік-үзік түрінде шығып тұрған екі түсті қорғаныш жіп;
- 10 000 номиналының су белгісі,
- алтын түсті барыс бейнесі,
- алтын түстен көк түске түсін өзгертетін алтын түстес тау шыңдары
- «аузында грифондар бар Барыстың басы» түріндегі “Спарк” түсі айнымалы элемент
- ультракүлгін түс аясында жанатын бейне.