logo
Қз

Еуразиялық банк алаяқтардан қорғану жөнінде маңызды ұсыныстары бар жаңа ролик сериясын шығарды

Алматы, 2025 жылғы 20 мамыр

Еуразиялық банк танымал алдау схемаларын сипаттайтын жаңа бейнеролик сериясын іске қосу арқылы қазақстандықтарға алаяқтармен күресуге көмектесуді жалғастыруда.

 

Роликтер Алматы қаласы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қолдауымен дайындалды. Онда адамдар кез келген қызметтен қоңырау шалып, телефонмен сөйлескен кезде байбалам салып, телефонмен сөйлесуді дер кезінде тоқтатпаған немесе ақша табудың жеңіл тәсілдеріне сеніп қалған жағдайлардағы сценарийлер ашылады.  Кейіпкерлердің естерін әртіс емес, полицияның нақты капитаны Азамат Сәрсембек “жиғызады”.

 

“2024 жылы қазақстандықтар цифрлық алаяқтық салдарынан 45 млрд теңгеден астам шығынға ұшырады. Бұл сандар шынымен де әсерлі және біздің банк маңызды әлеуметтік рөл атқару -азаматтарды көрнекі мысалдар арқылы ескерту туралы шешім қабылдады. Біздің жаңа бейнероликтерімізде біз әркім осы жағдайларда өзін көре алатындай және өз өміріндегі қауіпті ұсыныстарды уақытында тани алатындай етіп әр түрлі санаттағы адамдардың бейнелерін арнайы пайдаландық”, — деп бөлісті Еуразиялық банктің Басқарма Төрағасы Ляззат Сатиева.

 

“Біз күн сайын адамдар жақсы реттелген схемалар бойынша әрекет ететін алаяқтардың құрбаны болған ондаған жағдайларды тіркейміз. Бұған сана мен сақтық арқылы ғана қарсы тұруға болады. Бұл біздің Еуразиялық банкпен ынтымақтастығымыз сияқты ортақ күш — жігер болуы тиіс-мұндай роликтер профилактика ретінде жұмыс істейді және адамдарға қырағылығын жоғалтпауға көмектеседі”, – деп атап өтті Алматы қаласы ПД киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы, полиция полковнигі Анес Калдыбаев.

 

Естеріңізге сала кетейік, банк елшілерінің қатысуымен түсірілген роликтердің бірінші сериясында науқанның негізгі мақсаты — ақша жайлы сөз болғанда күмәндануды әдетке айналдыру, сөзге сенбеу және қауіпсіздік қызметі, күш органдары, курьерлік жеткізілімнен SMS кодты хабарлауды, ақша аудару, жеке деректерді беруді сұраған кез келген қоңырауға “ЖОҚ” деп айту. 

 

Жаңа роликтер Еуразиялық банктің Youtube-арнасында қолжетімді.

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.