logo
Қз

2025 жылғы 13 қаңтардан бастап ISO 20022 халықаралық стандартты пайдалануға көшу

2025 жылғы  13 қаңтардан бастап «Еуразиялық банк» АҚ,  Қазақстан Республикасындағы басқа банктер сияқты,  ISO 20022 халықаралық төлемдер стандартын (бұдан әрі – стандарт) пайдалануға көшеді.

 

Бұл стандартты бүкіл әлемдегі қаржы институттары белсенді түрде енгізуде және қаржылық деректерді берудің бірыңғай форматы мен құрылымын қамтамасыз етеді. ISO 20022 стандартына көшу есептеулердің дәлдігін, жылдамдығы мен қауіпсіздігін арттыруға, сондай-ақ халықаралық  контрагенттермен есеп айырысуды жеңілдетуге ықпал етеді. Заңды тұлғалар үшін бұл, төлемдер ресімдеу кезінде жаңа талаптарды орындау қажет дегенді білдіреді. Толығырақ ақпаратты  осы жерден табуға болады.

 

1С бағдарламалық кешендерін: Бухгалтерия, SAP, Бухта және басқаларды жаңарту сұрақтары бойынша сізге осы компаниялардың өкілдерімен байланысу қажет.

 

Жаңа стандартқа көшкен сәттен бастап банктердің теңгемен төлем құжаттарын орындауының мынадай тәртібін назарға алуды сұраймыз:

  • 2025 жылғы 09 қаңтардан бастап банк валюталандыру күні 2025 жылғы 10 қаңтардан кейінгі (кешіктірілген) МТ форматындағы төлем құжаттарын қабылдамайды;
  • 2025 жылғы 10 қаңтардан бастап төлем жүйесіндегі операциялық күн жабылғаннан кейін банк МТ форматындағы төлемдерді қабылдамайды;
  • Банк 2025 жылғы 10 қаңтардан кейін «Ұлттық төлем корпорациясы» АҚ  ішкі регламенттеуші құжаттарымен бекітілген қағаз тасымалдауыштардағы №208 Ережелердің талаптарына және хабарламалар форматына (бұдан әрі – МХ форматы) сәйкес келмейтін нысан бойынша ұсынылған төлем құжаттарын орындауға қабылдамайды.

 

Ынтымақтастықта болғаныңызға және түсіністігіңіз үшін рақмет.

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.