logo
Қз

Еуразиялық банк ұлттық валютадағы төлемдердің ISO 20022 халықыралық стандартына ауысады

2024 жылғы 11 қарашадан бастап Еуразиялық банк ұлттық валютадағы төлемдердің ISO 20022 халықыралық стандартына ауысады

 

ISO 20022 стандартын қаржы институттары қаржы деректерін бірыңғай нысаны мен құрылымда беруді қамтамасыз ететін бүкіл әлем бойынша белсенді енгізуде.  ISO 20022 стандартына ауыса отырып, есептердің жылдамдығы мен қауіпсіздігін, дәлдігін арттырады, сондай-ақ халықаралық контрагенттермен жасалатын операцияларды жеңілдетеді.

 

Жаңа стандартқа өту барысында төлем құжаттарын орындау тәртібі: 

 

2024 жылғы 5 қарашадан бастап банк МТ нысанындағы 2024 жылғы 8 қарашадан кейін валюталанған төлем құжаттарын орындауға қабылдамайды.
2024 жылғы 8 қарашадан бастап төлем жүйесіндегі операциялық күн аяқталғаннан кейін   банк МТ нысанындағы төлемдерді қабылдауды тоқтатады.
2024 жылғы 8 қарашадан кейін банк № 208 Қағида талаптарына сәйкес келмейтін нысанда ресімделген қағаз жеткізгіштегі төлем құжаттарын орындауға қабылдамайды.
Барлық басым/мерзімді төлемдерді 2024 жылғы 8 қарашаға дейін жолдауға кеңес береміз.

ISO 20022 СТАНДАРТЫ БОЙЫНША СҰРАҚ-ЖАУАП:

ISO 20022 — бұл банктер мен қаржы саласындағы ұйымдар арасында электрондық хабарлама алмасудың халықаралық стандарты. Ол қаржы транзакциясын жүргізген кезде қолданылатын хабарлама нысаны мен ережелерді анықтайды.

2024 жылғы 11 қарашадан бастап төлемдерді құрған кезде  Smart Business-те  нақты төлеуші мен нақты алушы туралы ақпараты көрсетілген жаңа жол қосылады.  Бұл МТ нысанында төлемдерді қолмен жасауға да, импорттауға да қатысты болады.  Сондай-ақ бейрезидент жөнінде резидент елі көрсетілетін жол қосылады.

Нақты жөнелтуші/төлеуші – міндеттемелерді орындау мақсатында атына төлем немесе ақша аударымы жүзеге асырылатын тұлға.

Нақты (түпкілікті) алушы/бенефициар -ақшаның түпкілікті алушысы немесе пайдасына міндеттеме орындалатын тарап болып табылатын тұлға.

Алушы/бенефициар Қазақстан Республикасының резиденті болмаған жағдайда, онда резидент елі көрсетіледі – тиісті елдің екі әріптен тұратын коды. Төлем нысанындағы “Ел” жолына алушы елдің тиісті кодын таңдау керек.

МТ файлдарын жүктеу үшін қосылатын жаңа жолдарды теңшеу жұмыстары  IT-мамандарының көмегімен, клиенттің есеп жүйесінде дербес жүргізіледі; Егер нақты төлеуші мен/немесе алушы жөнелтуші мен/немесе алушымен сәйкес келген жағдайда, олар туралы ақпаратты көрсетудің қажеті жоқ;

Деректемелерді дұрыс көрсету жауапкершілігін төлем бастамашысы көтереді; ISO 20022 стандарты жөнінде толығырақ ақпаратты Ұлттық Төлем Корпорациясы сайтынан табуға болады.

Еуразиялық банктен басқа екінші деңгейдегі банктерге, сондай-ақ Мемлекеттік кірістер жөніндегі комитет, “Азаматтарға арналған үкімет” Мемлекеттік корпорациясы” коммерциялық емес акционерлік қоғам мен ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті ұйымдарына теңгедегі сыртқы төлемдерге қатысты болады.  Шетел валютасындағы төлемдерге өзгерістердің қатысты жоқ.

Ынтымақтастығыңыз бен түсіністігіңіз үшін алғыс білдіреміз!

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.