2023 жылғы 3 наурыздан бастап ҚР азаматтарына кредиторлар алдындағы кредиттік міндеттемелерін тоқтату мақсатында соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы өтініш беруге мүмкіндік беріледі.
ҚР азаматтарының төлем қабілеттігін және банкроттықты қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік басқару саласындағы уәкілетті органға өтініш беруіне арналған басты шарттардың бірі*:
- айлық есептік көрсеткіштің 1600 еселенген мөлшерінен аспайтын міндеттемелердің болуы (2023 жылы – 5 520 000 теңге) және өтініште көрсетілген барлық кредиторлар алдындағы міндеттемелер бойынша өтініш берілген күні қатарынан 12 ай ішінде берешекті өтеудің болмауы;
- немесе міндеттемелерді орындамау мерзімінің болуы – өтініш берілген күнге 5 жылдан көп.
Өтініш беру үшін жоғарыда көрсетілген негіздердің бар-жоғын тексеру үшін ҚР азаматтарына id.mkb.kz сайтынан мерзімі өткен күндердің ең аз санын көрсете отырып, ағымдағы міндеттемелердің сомасын қамтитын дербес есеп (ҚР азаматтарының банкроттығы) алу ұсынылады.
Бұл есеп тегін, электрондық құрылғылардан, соның ішінде мобильді құрылғылардан қол жетімді.
Келесілерді білу қажет:
- «Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ кредиторлардан алған азаматтың кредиттік міндеттемелері туралы ақпарат береді;
- Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдануға өтініштерді қабылдауды және азаматтың жоғарыда көрсетілген және ҚР заңнамасында белгіленген өзге де өлшемшарттарға сәйкестігі туралы шешім қабылдауды ҚР азаматтарының төлем қабілеттігін және банкроттықты қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік басқару саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады;
- Банкроттыққа өтініш беру үшін барлық шарттар «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттігін қалпына келтіру және банкроттық туралы» ҚР Заңында қамтылады.
* Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы өтініш беру үшін негіздер «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттігін қалпына келтіру және банкроттық туралы» ҚР Заңының 5-бабында белгіленген.
Кредиттік есепті алу туралы егжей-тегжейлі ақпаратты
+7 701 485 08 34 номерінің WhatsApp-ы арқылы алуға болады