Еуразиялық банк өз клиенттерінің назарын күрделенген әрі әлеуметтік желілерге бағытталған жаңа интернет-алаяқтық схемаларына аударады. Жақында Шымкентте болған оқиға қаскүнемдердің студенттерді алдау үшін танымал платформаларды қалай қолданатынын көрсетеді.
2025 жылдың қазан айынан бастап екі күдікті TikTok арқылы жергілікті жоғары оқу орын студенттерінің аккаунттарын анықтады. Арнайы боттар арқылы олардың телефон нөмірлері мен пайдаланушылардың сауалнама деректерін алды. Содан кейін алаяқтар оқу орны порталы арқылы студенттердің оқу үлгерімдерін тексере отырып, төмен бағалары бар студенттерді анықтап алады.
Артынша қаскүнемдер өздерін университет қызметкерлерінің атынан таныстыра отырып, олармен жалған нөмірлерден мессенджерлер арқылы байланысады.
“Сынақтан сәтті өту үшін бір балл жетіспейтіні туралы және емтиханға жіберілмеу немесе академиялық қарыз болу қаупі туралы жалған мәліметтерді хабарлаған. Бұл ретте оларға “мәселені шешу” және толығымен “бағаны түзету” туралы ұсыныс жасағандығын хабарлады полиция.
Өз қызметтері үшін қаскүнемдер әр студенттен 70 мыңнан 80 мыңға дейін қаржы талап еткен. Ақшаны алғаннан кейін олар байланысқа шықпай қояды.
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі алаяқтар жеделдік пен қысым жасай алады, сондықтан сақ болып, кез келген ақпаратты ресми арналар арқылы тексерудің маңызы зор.
