
"Еуразиялық банк" АҚ — 2024 жылғы 26 желтоқсанда өзінің 30 жылдығын атап өткен Қазақстанның әлеуметтік маңызды коммерциялық банкі.
Активтер көлемі бойынша еліміздегі ең ірі банктердің ондығына кіреді, бөлшек банкинг нарығында жетекші орын алады, корпоративтік клиенттер мен ШОБ субъектілеріне кең спектрлі қызметтерді ұсынады. Қазақстан Республикасы аумағында 19 өңірлік филиалдары мен 119 касса-есептеу бөлімшелері бар. Банк ERG тобының экожүйесіне жатады (минералды ресурстарды өндіру және өңдеу саласындағы әлемдегі ең ірі компаниялардың бірі).