
Салық төлеуден жалтару үшін оффшорлық юрисдикцияларды қолдануды болдырмауға және ақпараттың ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған ЭЫДҰ (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы) әзірлеген стандарт.
2018 жылғы 6 маусымда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі — ҚР МКК) төрағасы қаржы есепшоттары туралы ақпаратты автоматты түрде алмасу бойынша құзыретті органдардың көпжақты келісіміне (көпжақты келісім) қол қойды.
Көпжақты келісім Салық істері бойынша өзара әкімшілік көмек көрсету туралы конвенцияның 6-бабына негізделеді, ол 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №267-V ҚРЗ Қазақстан Республикасының заңымен ратификацияланған (бұдан әрі — Страсбург конвенциясы) және қаржылық ұйымдарда бүкіл әлем бойынша орналасқан ОЭСР елдері тізіміне кіретін елдердің салық төлеушілерінің қаржылық шоттары бойынша ақпаратты автоматты түрде алмасудың бірыңғай стандартын (CRS) енгізуді көздейді.
CRS мақсаттары үшін банк сіздің «салық резиденті» екеніңізді анықтауы қажет (әдетте, «салық резиденті» деп белгілі бір елде/юрисдикцияда кіріс немесе пайда салығын төлеуге міндетті тұлға саналады). Біз сіздің «салық резиденті» мәртебеңізді қолда бар ақпарат негізінде анықтаймыз және қажет болған жағдайда сізден қосымша ақпарат сұрауымыз мүмкін.
CRS мақсаттары үшін сіздің мәртебеңізді растау қажет болған жағдайда, тиісті нысанды толтырып, толтырылған нысанды кез келген банк бөлімшесіне/филиалына тапсыруыңыз қажет.
Ескерту: Егер сіз бізбен әртүрлі бағыттар бойынша ынтымақтассаңыз, ақпаратты ұсыну туралы бірнеше сұрау алуыңыз мүмкін.
Егер сізде сұрақтарыңыз болса, екінші деңгейлі банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, кастодиандардың, орталық депозитарийдің, клиенттердің шоттарын номиналды ұстаушы ретінде бағалы қағаздарды жүргізу құқығы бар брокерлер мен (немесе) дилерлердің, инвестициялық портфельді басқарушылардың, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарының мемлекеттік кірістер органдарына ақпарат ұсыну ережелері мен мерзімдерімен танысуыңызды сұраймыз. Құжаттар мен басқа да материалдар ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында орналастырылған.
Банк CRS талаптарына сәйкес салықтық резиденттікті анықтау мәселелері бойынша өз клиенттеріне консультациялық қызметтер көрсетпейді. Осы мәселеге қатысты салық кеңесшісіне жүгінуге немесе Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының порталында әртүрлі елдер бойынша салықтық резиденттік туралы ақпаратпен танысуға болады.