logologo
Қаз
Жекеше клиенттерге
Бизнес үшін
Private
Банк туралы
Офистер мен банкоматтар
Банк туралы
Жаңалықтар
Инвесторлар
ESG
Құжаттар
Тарифтер
Валюталардың бағамдары
Байланыстар
Көмек
Комплаенс-бақылау
Құрметті "Еуразиялық банк" АҚ клиенттері!

"Еуразиялық банк" АҚ Комплаенс қызметінің ресми парақшасына қош келдіңіздер!

Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес Банкте комплаенс-тәуекелдерді басқару қызметі жүзеге асырылады.


Банктің Комплаенс қызметі Банк пен оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының азаматтық, салық, банктік, валюталық заңнама талаптарын, Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік бақылау және қадағалау, реттеу туралы заңнамасын, Төлемдер және төлем қызметі туралы заңнамасын, әлеуметтік қорғау туралы, Бағалы қағаздар нарығы туралы, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы, коллекторлық қызмет туралы, депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы, акционерлік қоғамдар туралы, банктің қаржы нарығында қызмет көрсету және операциялар жүргізу тәртібін регламенттейтін Банктің ішкі құжаттарын, сондай-ақ банктің қызметіне ықпал ететін шет мемлекеттердің заңнама талаптарын сақтауын бақылайды.


Банктің Комплаенс қызметі өз қызметінің барысында "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының заңын, Банктер және Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 28 сәуірдегі № 86 қаулысын, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, Банктің қаржы нарығында қызмет көрсету және операцияларды жүргізу тәртібін регламенттейтін Банктің ішкі нормативтік құжаттарын басшылыққа алады.


Сондай-ақ Банк өз қызметін «Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 28 тамыздағы N 191-IV Заңы, АҚШ-тың "Шетелдік шоттарға салық салу туралы" Заңы (FATCA), сондай-ақ бүкіл әлем бойынша қаржы ұйымдарында орналасқан ЭЫДҰ (экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы) елдерінің тізіміне кіретін елдердің салық төлеушілерінің қаржылық шоттары бойынша ақпаратпен автоматты түрде алмасудың бірыңғай стандартына бағытталған Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 267-V ҚРЗ Заңымен ратификацияланған Салық істері бойынша өзара әкімшілік көмек туралы конвенцияның 6-бабына негізделген көпжақты келісім шеңберінде жүзеге асырады.


ҚР заңнамасының, соның ішінде Ұлттық Банкінің, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің нормативтік-құқықтық актілерін, сондай-ақ Банктің қаржы нарығында көрсететін қызметтері мен операцияларын жүргізу тәртібін регламенттейтін және Сіз "Еуразиялық банк" АҚ қызметі барысында кездескен Банктің ішкі нормативтік құжаттарының бұзылу фактісі туралы хабарлау үшін төменде беріліп отырған нысанды толтыра отырып, Банктің Комплаенс қызметінің мекенжайына авторизацияланған хабарламаны жолдау арқылы жүгінуіңізге болады.

Комплаенс-бақылау

0/1000

Өтінімді жібере отырып, мен ҚР №94-V Заңына сәйкес өзімнің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісемін