
Еске саламыз, кепілдегі көлікті үшінші тұлғалардың басқаруы үшін банк рұқсатын алу қажет. Банк кепіл ұстаушы болып табылады.
КАСКО сақтандыру шартына үшінші тұлғаларды қосу туралы анықтама алу үшін:
1. Өз қалаңыздағы Еуразиялық банк филиалына жеке куәлігіңіз және техникалық паспортыңызбен барыңыз. Сондай-ақ, үшінші тұлғалардың жеке куәліктерінің түпнұсқасымен қатысуы міндетті.
2. Өтінішті толтырып, оны банк қызметкеріне тапсырыңыз.
3. Әкімшілік полиция және сақтандыру компаниясы үшін сіздің көлігіңізді үшінші тұлғалардың жүргізуіне арналған рұқсат анықтамасын алыңыз. Бұл құжаттарды банк тегін береді.
Бұл анықтама болмаған жағдайда, сақтандыру жағдайы орын алған кезде сақтандыру төлемі жасалмайды.
Несиені толық өтеуіңізбен құттықтаймыз!
Енді жылжымалы мүліктен шектеуді әкімшілік полиция органдарында алып тастау қажет.
Шектеуді алып тастау үшін:
1. Өз қалаңыздағы Еуразиялық банк филиалына жүгініңіз.
Жеке куәліктің және көлік құралын тіркеу куәлігінің (техникалық паспорттың) түпнұсқаларын алуды ұмытпаңыз.
2. Өтініш толтырып, оны банк қызметкеріне тапсырыңыз.
3. Әкімшілік полиция органдарына арналған шектеуді алып тастау туралы хат пен жылжымалы мүлікті мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасын (сіздің аймағыңызда талап етілсе) алыңыз. Бұл құжаттарды банк тегін береді.
4. Алынған құжаттарды полиция органдарына тапсырыңыз. Жеке куәліктің және техникалық паспорттың түпнұсқаларын алуды ұмытпаңыз.