Сауданы қаржыландыру
Құжаттық операциялар мен сауда қаржыландыру саласындағы қызметтердің толық кешені

Құжаттық операциялар мен сауда қаржыландыру саласындағы қызметтердің толық кешені
Беделді Global Finance қаржылық басылымы жасаған World’s Best Trade Finance Providers 2026 халықаралық рейтингінде сауданы қаржыландыру саласы бойынша "Еуразиялық банк" АҚ Қазақстандағы үздік банк ретінде танылды. Бұған дейін Банк бұл мәртебеге 2017, 2020 және 2024 жылдары ие болған. Аталған марапат банкке деген жоғары сенімділікті растайды және сауда қаржыландыру саласында оның сенімді серіктес беделін нығайтады.

«Еуразиялық банк» АҚ төмендегі экспорттық-импорттық операцияларды жүзеге асыру кезінде коммерциялық және қаржылық тәуекелдерді айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік беретін, сондай-ақ сенімділігі мен ыңғайлылығының арқасында әлемдік деңгейде кеңінен танылған құралдарды пайдалана отырып, құжаттамалық операциялар және сауданы қаржыландыру саласындағы толық кешенді қызметтерді ұсынады:
- импорттық және экспорттық құжаттамалық аккредитивтер;
- сауда операцияларын қаржыландыру;
- құжаттамалық инкассо;
- қарсы кепілдіктерді пайдалана отырып, мәмілелерді құрылымдау.
Дамыған корреспонденттік желі Банкке банктік операциялардың барлық түрлерін тиімді әрі жедел жүргізуге ғана емес, сонымен қатар клиенттердің сыртқы экономикалық қызметін үздіксіз қамтамасыз етуге байланысты мәселелерді шешуге де мүмкіндік береді.
«Еуразиялық банк» АҚ мамандары келісімшартқа қол қою кезеңінде клиенттерге сауданы қаржыландыру мәмілелерінің түрлері мен олардың ерекшеліктері бойынша қажетті кеңестер беріп, келісімшарттың клиенттер мүддесін барынша қорғайтын төлем шарттарын жасауға көмектесуге дайын. Банк клиенттері үшін бұл қызмет тегін көрсетіледі.
Аккредитивтік есеп айырысу нысанын пайдалану кезінде «Еуразиялық банк» АҚ-пен ынтымақтасудың негізгі артықшылықтары:
+7 (727) 244-39-11
+7 (727) 259-95-34
TF@eubank.kz