
Егер сіз «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация» КЕАҚ (бұдан әрі – АҮМК) арқылы төленетін зейнетақы немесе жәрдемақы алушы* болсаңыз, Еуразиялық банктің қызметін пайдаланып, АҮМК -нің ағымдағы шоттарға және төлем карталарына аударған зейнетақы мен жәрдемақыны алыңыз.
*Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар, арнайы мемлекеттік жәрдемақылар, Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардан зардап шеккен азаматтардың зейнетақыларына қосымша төлемдер, мемлекеттік арнайы жәрдемақылар, жерлеуге арналған жәрдемақылар, инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомасы мен алушы зейнетақы төлемдеріне және басқа да төлемдерге (бұдан әрі – зейнетақылар мен жәрдемақыларға) құқық алған сәттегі жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма ретінде айқындалған мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен біржолғы төлемдер, сондай-ақ зейнетақылар мен жәрдемақылардан ұсталатын сомалар.