
Сайтта алтын құймалары ұсынылған
Таңдалған банк бөлімшесінде құйманың бар-жоғын растау
Жеке куәлігіңізді немесе төлқұжатыңызды көрсетіңіз. Сатып алуды төлеңіз.

Масса
Ені
Ұзындық
Металл
Сынама

Масса
Ені
Ұзындық
Металл
Сынама

Масса
Ені
Ұзындық
Металл
Сынама

Масса
Ені
Ұзындық
Металл
Сынама

Масса
Ені
Ұзындық
Металл
Сынама
«Еуразиялық банк» АҚ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірлеген халыққа өлшемді тазартылған алтын құймаларын сатып алу және сату бағдарламасына қатысқан алғашқы банктердің бірі болды.
2017 жылғы 8 маусымда «Еуразиялық банк» АҚ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ағымдағы жылдың 31 мамырында іске қосқан бағдарлама аясында халыққа өлшемді тазартылған алтын құймаларын сата бастады.
Слитоктарды инвестициялық құрал ретінде пайдаланудың артықшылықтарының бірі — олардың жоғары өтімділігі, оны банктердің халықтан слитоктарды кез келген уақытта қайтарып сатып алуға және клиентке сол күні-ақ төлем жасауға міндеттілігі қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, мұндай алтынды сатып алу және сату қосымша құн салығынан босатылған, бұл оның инвестициялық тартымдылығын айтарлықтай арттырады.
Бағдарламаға қатысатын алтын слитоктары Қазақстанның монета сарайында жасалған және бес түрлі салмақта ұсынылған: 5, 10, 20, 50 және 100 грамм.
Әр құйма қорғау элементтерімен жабдықталған (айнадай беті, микромәтін және бедерлі жиек) және механикалық зақымданудан қорғайтын, сондай-ақ орамның ашылған-ашылмағанын оңай тексеруге мүмкіндік беретін арнайы қаптамада шығарылады.
Слитоктардың алдыңғы бетінің бейнелері:
Слитоктардың артқы бетінің бейнелері:
Қаптама, слитоктардың өзі сияқты, қорғаныс элементтерін қамтиды және активтің сапа сертификаты болып табылады. Қаптаманың тұтастығы слитоктардың құндылығын сақтаудың кепілі. Сақтықпен сақтау ұсынылады. Қаптаманы ашпаңыз!
Аффинирленген алтынның өлшемді слитоктарын «Еуразиялық банк» АҚ филиалдарынан сатып алуға болады. Өлшемді слитоктардың бар-жоғын Банк филиалдарынан нақтылау қажет.
Банк Клиенттен ТБМ-ды ашылған арнайы орамада немесе орамасыз қабылдаған кезде Қазақстан Республикасы Ұлтты Банкінің филиалына (Кассалық операциялар және құндылықтар сақтау орталығы) сараптамаға жіберу үшін клиенттен алынатын комиссия: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі айналысқа шығарған тазартылған инвестициялық алтынның жаңа үлгісінің сертификатталған өлшемді құймасының (бұдан әрі құймадағы ТБМ) құнынан 3% (құймадағы ТБМ бойынша Банктің сатып алу бағамы бойынша қабылдаған күні) құрайды.