logologo
Қаз
Жекеше клиенттерге
Бизнес үшін
Private
Банк туралы
Офистер мен банкоматтар
Карталар
Кредиттар
Автонесиелер
Ипотека
Депозиттер
Ағымдағы шоттар
Жалақы жобасы
Басқа

Золотая Корона Ақша аударымдары

ТМД елдері мен алыс шетелдерде 20 000-нан астам пункті бар шот ашуды талап етпейтін, жылдам ақша аударымдары сервисі

Сервистің серіктестері – 300-ден астам банк.

«Золотая Корона – Ақша аударымдары» бұл:

жылдамдық – ақша аударғаннан кейін бірнеше секунд ішінде алуға болады.

қолжетімділік – ТМД елдеріне ақша аудару комиссиясы ең төменгі деңгейде. Аударым валютасы: теңге, рубль, доллар, еуро.

ыңғайлылық – ақша аударымы жіберілетін ел мен қаланы көрсету жеткілікті. Алушы өзіне ыңғайлы пунктті таңдай алады.

бақылау – аударым мәртебесі туралы SMS-хабарлама жіберушінің ұялы телефонына келеді. Аударым күйін онлайн режимде «Золотая Корона – Ақша аударымдары» жүйесінің сайтында тексеруге болады.

тәуелсіздік – банктердің өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғылары арқылы, сондай-ақ сауда-сервис кәсіпорындарының пункттерінен күн сайын, демалыс және мереке күндерінде де ақша аударуға болады.

жаңашылдық – жіберушінің картасын қолдану арқылы аударым жасау технологиясы қызметті жаңа деңгейге көтерді.

Ақша аударымын қалай алуға болады:
Жеке басын куәландыратын құжатпен келу
Банктің операторына аударым нөмірін айту
Аударым сомасын хабарлау

Маңызды!

Еуро және ресей рубліндегі аударым валютасы жалпы сомасы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің нарықтық бағамы бойынша төлем күніне 10 000 АҚШ долларына баламалы болуы тиіс.

Еуропалық Одақ елдеріне/олардан аударымдар қолжетімсіз.

«Золотая Корона – Ақша аударымдары» сервисі туралы қосымша ақпаратты сайттан немесе тәулік бойы жұмыс істейтін қолдау қызметінің 810 800 0200 7075 телефоны арқылы алуға болады. Бұл нөмірге «Қазақтелеком» абоненттері үшін қоңырау шалу тегін.

«Золотая Корона» төлем жүйесінің операторы – «Төлем орталығы» КБЕҰ (ЖШҚ), тіркеу нөмірі 0012, 20.12.2012ж.

Ақша аударымдарын ұсынатын ұйымдардың толық тізімімен сервис сайтында танысуға болады.