№ 6 сұрақ: Кепілдікті өтем сомасы төлемді алған адамдар бойынша да қайта қаралады ма? Мысалы: депозитордың бір банктегі салымдарының жалпы сомасы 20 млн теңгені құрады. Депозитор бұрын 15 млн теңге сомасында жиынтық өтем сомасын алған. Депозитор кепілдіктің артуына байланысты алған өтемін қайта есептетуге құқылы ма?