Алаяқтық белгілері анықталып, транзакция тоқтатылған жағдайда, қаражат қылмыстық қудалау органдарының ресми хабарламасы негізінде қайтарылады.
Ол үшін клиент:
- құқық қорғау органдарына жүгіну;
- операция бойынша тексеруге бастамашы болу;
- алаяқтық транзакция екені расталғанын күту қажет.
Банкке жіберілетін хабарламаны прокуратура міндетті түрде санкциялау қажет және ол қаражатты қайтаруға негіз болып табылады.
Тиісті хабарламаны алғаннан кейін алушы банк ақша қаражатын:
- келесі операциялық күннен кешіктірмей;
- транзакция шеңберінде нақты бұғатталған сома шегінде қайтарады.
Егер бұғаттау сәтінде алушының шотында қаражат болмаса, онда ол сот тәртібімен қайтарылады.
Қаржылық алаяқтыққа қарсы іс-қимылда қаржы нарығына қатысушылар арасында жедел мәлімет алмасуды қамтамасыз ететін және күдікті операцияларды дер кезінде анықтап, бұғаттауға мүмкіндік беретін бірыңғай технологиялық платформа — Ұлттық Банктің Антифрод орталығы шешуші рөл атқарады.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржы ұйымдарының белгіленген талаптарды сақтауын бақылайды.
Алаяқтық жағдайларының жиілеуіне байланысты Еуразиялық банк клиенттерге қаржылық қауіпсіздік шараларын сақтап, дербес деректерді үшінші тұлғаларға бермеуге кеңес береді.
