logologo
Қаз
Жекеше клиенттерге
Бизнес үшін
Private
Банк туралы
Офистер мен банкоматтар
18 тамыз 2026 ж.
Eurasian Bank «Eurasian Flex» атты өзгермелі мөлшерлемесі бар депозитті ұсынады
Eurasian Bank «Eurasian Flex» атты өзгермелі мөлшерлемесі бар депозитті ұсынады

ҚР Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің төмендеуіне байланысты Eurasian Bank бірқатар депозит бойынша мөлшерлемелерді жаңартты. Бір мезетте банк ҚР Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі өзгергеннен кейін автоматты түрде өзгеретін өзгермелі мөлшерлемесі бар жаңа өнім — Eurasian Flex іске қосты. Eurasian Flex бойынша номиналды мөлшерлеме қазіргі уақытта жылдық 14,85%(ЖТСМ — 16,01%) құрайды.

ҚР Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі көтерілгенде депозиттің кірістілігі артады, ал төмендегенде — сәйкесінше түзетіледі. Барлығы автоматты түрде, салымшы тарапынан ешқандай әрекетсіз жүзеге асады. Орналастыру мерзімі — 6 ай.


Eurasian Flex бойынша өзгермелі мөлшерлемені есептеу формуласы алдын ала белгіленген: 1,9 пайыздық тармақ шегерілген ҚР Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі деңгейі. Бұл спред салымның бүкіл мерзімі ішінде бекітілген және өзгермейді, бұл клиентке өз депозитінің кірістілігін қалыптастыру қағидатын алдын ала түсінуге мүмкіндік береді.


Eurasian Flex депозиті бойынша қаражатты толықтыруға және ішінара алуға болады, бұл - жинаққа қолжетімділік пен кірістіліктің сақталуын маңызды деп санайтын адамдар үшін ыңғайлы құрал.


Eurasian Flex депозитін банктің Eurasian Bank мобильді қосымшасы мен банк бөлімшелерінде ресімдеуге болады. Депозит бойынша өзекті мөлшерлеме мен толық шарттарды банктің ресми
сайтынан нақтылауға болады.


Жаңа депозит депозиттерді міндетті кепілдендіру жүйесінде қатысады, кепілдендірілген өтеу сомасы 10 млн.теңгеге дейін.