2026 жылғы 6 мамыр, Алматы — Еуразиялық банк 2025 жылды қорытындылады. Өткен жыл Банк үшін маңызды өзгерістер кезеңі болды: сенімділікке, клиентке ыңғайлы болуға және цифрлық сервистерді дамытуға басты назар аударылды.
Алдыңғы жылмен салыстырғанда пайда төмендегеніне қарамастан, бұл банк жұмысының нашарлағаны деген сөз емес, қайта технологияға салынған инвестициялар, бизнес құрылымының өзгеруі және мемлекеттік қолдау бөлігіндегі қайтарым сияқты жоспарланған қадамдарға байланысты болды.
Клиенттер мен бизнес үшін не маңызды:
- Банк компанияны да жеке клиенттерді де белсенді кредиттеуді жалғастырады.
- Барлық міндеттемелерді нық орындау үшін банктің жеткілікті қаражат қоры бар.
- Жоғары деңгейлі қаржы тұрақтылығы мен сенімділік сақталған.
- Жұмыс тиімділігі жақсартылды — банк анағұрлым оңтайлы жұмыс істей бастады.
2025 жылы не өзгерді:
Банк бизнес тұрғысынан «таза» әрі қарапайымдылыққа бет бұрды: маңызды емес жеке бағыттардан шықты, негізгі өнімдер мен клиенттерге басты назар аударды, тәуекелдерді бақылауды күшейтті
Технологияларға бет бұрды:
- Жаңа автокредиттеу форматы іске қосылды. енді автокөлікке автокредит ресімдеп, оны тіркеу жұмыстары небәрі 30 минут ішінде онлайн жүргізілетін болды.
- Мобильді қосымша толығымен жаңартылды. ол анағұрлым ыңғайлы әрі функционалды болды.
- Банк көрсететін қызметтер тұрақты әрі ақаусыз жұмыс істеуі үшін банк замануи дата-орталықтарына инвестиция салды.
- Ұлттық банкпен бірге жаңа цифрлық шешімдерді (цифрлық валютамен қоса) тестілеуден өткізді
Басқарма төрағасының пікірі:
«2025 жылы біз сенімділікке басты назар аударып, ұзақ мерзімді өсім негізін қаладық. Біздің міндетіміз — банк тұрақты күйін сақтап, клиенттер үшін кез келген жағдайларда ыңғайлы болып қалу».
2026 жылға арналған жоспар:
Банк клиенттер үшін маңызды болып табылатын нәрселерге басты назар аударады:
- Шағын және орта бизнесті қолдау — кәсіпкерлер үшін көбірек мүмкіндік, жаңа қолайлы шешімдер мен қаржыландыру
- Мобильді қосымшаны дамыту — одан да көп функциялар мен қолдану қарапайымдылығы
- Жаңа цифрлық сервистер — банк қызметтерін жылдам әрі оңай алу
- Тұрақтылық пен сенімділік — банк өзінің қаржы негіздерін нығайтуды жалғастыра береді.
Еуразиялық банк Қазақстанның ірі банктерінің бірі болып қалады және өзінің басты басымдығы-клиент сенімі мен қаражат қауіпсіздігін сақтай отырып дами береді.
