Еуразиялық банк деректеріне сәйкес шілдеде әуе билеттері, қонақүйлер, автокөлік жалдау және туристік қызметтер бойынша ең көп жасалған транзакция түрінде соңғы 12 айдағы туристік белсенділік шыңы байқалды. Қазақстандықтар алдын ала жоспарланған бағыттары бойынша жаппай шыға бастады.
Қазақстандықтың бір шетел транзакциясының орташа чегі 53 236 теңгені құрайды. Транзакция саны бойынша қазақстандықтар жиі төлейтін үш ел - Ирландия, Түркия және АҚШ көш бастап тұр. Оған Испания және Италия ілеседі.
Алайда ең қымбат саудалар мүлде басқа жерлерде жасалады. Орташа чек бойынша Сен-Бартелеми (Кариб теңізіндегі аттас аралды алып жатқан Францияның Шетелдегі қауымдастығы) бірінші орынды иеленді— ондағы орташа транзакция 1,18 миллион теңгеден асады. Екінші орында — 1,17 млн теңгені құрайтын көрсеткіші бар Гвадалупа (Кариб теңізіндегі Францияның архипелагы және шетел аймағы), үшінші орында —931 878 теңгеден басталатын Ангилья (Ұлыбританияның өзін-өзі басқаратын Шетелдегі аумағы).
Егер жалпы шығын көлеміне қарайтын болсақ, мүлде басқаша. Қазақстандықтар соңғы 12 айда жалпы сомасы 6 млрд теңгеден асатын ең көп ақшаны Франция елінде қалдырады екен. Екінші орында 4,9 млрд теңге мөлшерімен Италия болса, үшінші орында 4,7 млрд теңгені құраған-Біріккен Араб Әмірлігі.
Осыдан қазақстандықтардың саяхаттау географиясы әдеттегі Түркия елінен экзотикалық Сен-Бартелемиге дейін түрленген деген қорытындыға келеміз. 53 236 теңгені құрайтын орташа чек барысында әркім өзінің қолжетімді сапарлардан қымбат сапарларға дейінгі демалыс форматын таңдайды.
